Тарих


«Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасы


Кеніштік аэрология және еңбек қорғау кафедрасы

«Кеніштік желдету» кафедрасы 1958 жылы құрылды және сол жылы «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасына қайта құрылды. Бірінші кафедра меңгерушісі болып Н. Ф. Кременчуцкий жұмыс істеді, қазіргі кезде ол Днепропетровск тау-кен академиясының профессоры, техника ғылымдарының докторы. Кафедра штаты 6 адамнан құралды: доцент Г. Е. Панов, доценттер Т. Е. Гуменюк, Н. Ф. Кременчуцкий, Н. Ф. Гращенков, В. М., В. М. Маляревский, аспирант Д. А. Аманбаев.

1962 жылдан бастап 30 жыл бойы кафедраны Н. Ф. Гращенков басқарды.

Осы уақытта Николай Федорович докторлық диссертация қорғады, профессор дәрежесін алды, тау-кен ісінде еңбек қауіпсіздігінің облысында өзінің мектебін құрды, 50-ден астам ғылым кандидаттары мен докторларын дайындады, он жыл бойын КарПТИ оқу ісі жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді.

Кафедра құрылуынан бастап, мұнда еңбек қауіпсіздігі облысының, өнеркәсіптің басқа салаларының атақты адамдары жұмыс істеді және әлі де жұүмыс істейді: ҰОС қатысушылары профессор Н. Ф. Кременчуцкий,   доцент Т. Е. Гуменюк және доцент Г. Е. Панов, профессорлар: Н. Ф. Гращенков, В. П. Журавлев, А. К. Акимбеков, Ю. Д. Обухов, В. С. Харьковский, Ж. Г. Левицкий және басқалар; доценттер: В. М. Маляревский, В. В. Иванов, В. В. Суслов, Ж. У. Галиев, Ж. К. Аманжолов, ассистенттер В. С. Ем – қазіргі кезде Ломоносов атындағы ММУ профессоры (Ресей) және т б.

1974 жылы кафедра екіге бөлінді: «Кеніштік аэрология» және «Еңбек қорғау» кафедралар меңгерушілері болып профессор Н.Ф. Гращенков пен профессор Ф.М. Гельфанд сайланды, ал 1977 – 1980 жж. аралығында «еңбек қорғау» кафедрасын профессор Журавлев П.В. меңгерді.

1980 жылы «Кеніштік аэрология» және «Еңбек қорғау» кафедралары қайтадан «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасына біріктіріліп, оны Н.Ф. Гращенков меңгерді.

1992 жылдан 1995 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып Ю. Д. Обухов жұыс істеді, ал 1995 жылдан бастап «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасының меңгерушісіне А. К. Акимбеков таңдалды. 2001 -2002 жылдар аралығында кафедраны КарПТИ 1961 жылғы түлегі В. С. Харьковский басқарды, ал 2002 жылдан 2006 жылға дейін кафедраны Ж. К. Аманжолов басқарды. 2006-2007 жылдар аралығында меңгеруші жұмысын Ж. Г. Левицкий жүргізді.

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін » Кеніштік аэрология және еңбек қорғау » кафедрасының меңгерушісі т.ғ. к., доцент Н.Р. Жолмағамбетов болып табылады.

Кафедра мамандарды дайындауды жетілдіру мақсатында Ресей және Қырғыстан елдерінің кафедраларымен тығыз байланысады. Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетінің техника ғылымдарының докторы, профессор Коликов К.С., ҚМТУ-нен  (Бішкек) Самбаева Д.А. оқу процесі мен бірыңғай ғылыми жұмысқа қатысып, ҚарМТУ-мен өз тәжірибелерімен  алмасып отырады.

Н. Ф. Гращенков пен А. К. Акимбековтың басшылығымен құрылған ғылыми мектеп 50-ден астам кандидаттар мен докторларды шығарды, олар қазіргі кезде өзінің ғылыми бағыттарын ары қарай дамыту үстінде және Қазақстанмен қоса шекарадан тыс жерлерде, оқу мекемелерімен қоса өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Кафедрада үлкен ғылыми және оқу жұмысы жүргізіледі. Кафедрада 6В11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша 2016 жылғы МЖМБС әзірленді, олар кейіннен бекітіліп, қолданысқа енгізілді.

Кафедрада 7М11201 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» зерттеу бағдарламасы бойынша магистранттарды дайындайды.

Без рубрики