Ішкі (қазақстанаралық) академиялық ұтқырлық – бұл нақты академиялық мезгіл ішінде білім алушының, оқытушы-зерттеушілердің ауысып немесе зерттеу жүргізуі: Қазақстанның басқа жоғары оқу орнына бір семестрге немесе бір оқу жылына міндетті түрде кредиттерді қайта санау негізінде білім алу бағдарламасы бойынша өз оқу орнында немесе басқа оқу орнында білімін жалғастыру болып табылады.
Ішкі (қазақстанаралық) академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ҚарМТУ студенттері алдымен серіктес университеттер тізімінен қалаған жоғарғы оқу орнын таңдап, Болон процессін дамыту басқармасына жолығу керек.
Сонымен қатар келесі құжаттар да дайын болуы керек:
Жеке куәлігінің көшірмесі;
Ұсыныс немесе міңездеме хат;
Толтырылған сауалнама-өтініш;
3*4 форматындағы 3 фотосурет.
Ішкі академиялық ұтқырлық жөніндегі кеңесті күнделікті сағат 8:30-дан 17:30 дейін бас корпус 335 кабинеттен алуыңызға болады.