- 2020 жылдың 03.04. күні 15.05-15.55-те шеберлік класс сағаты өткізілді «ТынышбаевМ.Т. – қазақтың тұңғыш теміржол-инженері»
- “Ұлы халықтың — ұлы Абайы”
- ТТ-18-1, ТТ-18-2, ТТ-17-1, ЭЭ-17-1, ЭЭ-16-2, НД-17-1 топтарының арасында «Мен жастарға сенемін!» атты факультетаралық дебат өтті
АҚПАРАТ
Жол көлік факультеті «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының кураторлары аға оқытушылар: М.А. Хасен, Э.Қ. Түсіпбекова және оқытушылар: Л.М. Кулейменова, М.Т. Оспанғалиевалардың ұйымдастыруымен қараша айының 22 күні сағат 17.00-де І корпустағы №319 аудиторияда ТТ-17-1, ТТ-17-2, ТТ-17-3, ОП-17с топтарының студенттерінің арасында «Латын әліпбиінің болашағының жарқын боларына жастар сенеді!» атты тақырыпта дебат өтті.
Дебатқа универститеттің кураторлар кеңесінің төрайымы Н.А. Смағұлова, «Серпін-2050» оқу орталығының әдіскері А.О. Серикова, «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушылары Қ.Қ. Нұржанова, М.С. Амангельдиналар қатысты.
Мақсаты: Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында айтылғандай 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу — қазақ елінің ілгері жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, еліміздің жан-жақты дамуына, жемісі мен жеңісін әкелерін студенттерге дәріптеу.
Нәтижесінде І орынды ТТ-17-1 тобының студенті Гафарова Жұлдыз және ТТ-17-2 тобының студенті Айтбаев Жақсылық. ІІ орынды ТТ-17-1 тобының студенті Рахметова Ұлданай, ТТ-17-2 тобының студенті Әбуов Қасымжомарт, ІІІ орынды ТТ-17-1 тобының студенті Сейдаз Ұлданай, ОП-17с тобының студенті Қасымов Еркебұлан, Кенжеқара Дархан иеленіп, мадақтамамен марапатталды және топ құрамының қатысушылары алғыс хатпен марапатталды.
Төрешілер:
- Қалдыбай Аяужан ТТ-16-1 тобының студенті
Арын Арайлым ТТ-16-1 тобының студенті
Өткізгендер: М.А. Хасен
Э.Қ. Түсіпбекова
Л.М. Кулейменова
М.Т. Оспанғалиева
АҚПАРАТ
2017 жылдың 21 қыркүйегі күні қазақ тілі және мәдениеті кафедрасында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған «Ана тілің – арың бұл» тақырыбындағы мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс — шараны кафедраның аға оқытушылары Ғ.М. Әбілқасов пен М.Ә. Хасен және «Ұлттық тәрбие тағылымы» студенттердің үйірмесі ұйымдастырды, Студенттер мерекелік шараға белсенді қатысты
АҚПАРАТ
2017 жылдың 25.04. күні 1055-1145 те кураторлық шеберлік класс сағаты өткізілді. Шеберлік класты жүргізген: аға оқытушы М.Ә. Хасен. Тақырыбы: Автоматтандыру дамуының тарихы, жағдайы және болашағы. Факультет: ЖКФ. Кафедра: Қазақ тілі және мәдениеті. Мамандығы: 5B071300. Кураторлық сағат туралы жалпы мәліметтер: Курс І. Топ ТТ-16-1С. Аудитория № 128. Сабақтың жалпы мақсаты: студенттерге еліміздің жаңа технологиясының дамуы мен шарықтау кезінде туындаған жаңалықтарды айта отырып, жаңа ақпараттар мен жаңа технологияның дамуына, жаңалықтарға деген қызығушылықтарын арттыру. Тақырыпты аша отырып, жеріміздің байлығын қорғауға тәрбиелеу, елін қастерлеп, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру, жаңалықтарға қызығушылықты тудыру. Студенттердің бойы
АҚПАРАТ
17 наурызда Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығы мен дала дауылпазы, әнші, сазгер Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына арналған «Армысың, әз Наурыз!» деп аталған биылғы облыстық ақындар айтысына Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жол – көлік» факультетінің 2 курс студенті, «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің мүшесі, айтыскер жас ақын Бейсембеков Сырым қатысып, 20-дан астам үміткердің арасынан озып шығып жүлделі үшінші орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға-оқытушысы, пед.ғылымдарының магистрі Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы.
АҚПАРАТ
27.02.2017 ж. қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқу жұмыс жоспарына сәйкес “Қазақ тілін білгенің – өз еліңді сүйгенің ” тақырыбына қазақ тілі пәнінен 1 курс студенттері (басқа ұлт өкілдерін) арасында факультетаралық олимпиада өтті. Ұйымдастырушылар қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушылары: Э.Қ. Түсіпбекова, Л.М. Күлейменова. Мақсаты: Өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін дәріптеу. Студенттерге қазақ тілінің құдіреттілігін сезіндіру. Тілдің адам өмірі үшін мәні айырықша екенін ұғындыру. Тіл туралы тағылымдар арқылы адамгершілік қасиеттерге баулу, азаматтық бейнелерін қалыптастыру, тілімізді сүюге, көздің қарашығындай қорғауға шақыру, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екенін саналарына сіңіру.
Қазылар алқасы:
Қалыбекова Қ.С. ҚТ және М кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент.
Нығметова Н.Т. ҚТ және М кафедрасының аға оқытушысы ф.ғ.к.
Байпелова Г.С. ҚТ және М кафедрасының аға оқытушысы.
Олимпиадада 2 кезеңнен тұрды.
І кезеңінде студенттер шығарма жазды.
ІІ кезеңінде тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастырылды.
Олимпиадаға 8 факультеттен 10 студент қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша:
I орынды С-16-3 тобының студенті Иброхимов Усмон алды.
II орынды РЭТ-14-3 тобының студенті Корябкин Андрей алды.
III орынды БТ-15-5 тобының студенті Сыздыкова Диана алды.
АҚПАРАТ
2016 жылдың 09 желтоқсан күні ҚарМТУ-дың 1-ші оқу ғимаратының 326 дәрісханасында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі тойына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ» атты мәдени-шар өткізілді.
Мәдени іс- шараның мақсаты: Қазақ ақын-жазушыларының Отан, Тәуелсіздік, атамекен, туған жер тақырыптарына арнап жазған өлең-жырларын, дастандарын, даналық сөздерін студент жастарға мәдени іс-шара барысында насихаттау арқылы ұлт – құндылықтары мен ұлағаттарын ұлықтайтын, отансүйгіш, патриот азаматтарды тәрбиелеу. Танымдық тәрбие сабағының мақсаты: Ұлы дала елінің ұлы тұлғалары, би-шешендерінің өнегелі, даналық сөздерін жастарға насихаттау арқылы, ойға көсем, сөзге шешен, ұлт – құндылықтары мен ұлағаттарын ұлықтайтын, отансүйгіш, патриот азаматтарды тәрбиелеу.
Мәдени-шараны ұйымдастырушылар:
п.ғ.м., аға оқытушы Әбілқасов Ғ.М.
п.ғ.м., аға оқытушы Хасен М.Ә.
АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты
«Мемлекеттік тілдің мәртебесі – мемлекет мақтанышы»
тақырыбы бойынша өткізілген дебаттың
ЕСЕБІ
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Мемлекеттік тілдің мәртебесі – мемлекет мақтанышы» тақырыбы бойынша ОП-16-2, ТТ-16-1 топтарының арасында «Серпіндестер ордасы» жатақханасында дебат өткізілді.
Дебаттың өткізілген уақыты: 24.11.2016 жылы сағат 17.00.
Дебаттың мақсаты:
1. Студенттерге мемлекеттік тілді терең меңгерту, білімдерін молайту.
2. Студенттерге қазақ тілін терең меңгерте отырып, туған Отанын, туған тілін құрметтеуге, отаншылдыққа тәрбиелеу.
3.Студенттердің сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, шығармашылығын дамыту.
Жауапты топ кураторлары : қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы Байпелова Г.С., оқытушы Күлейменова Л.М.
Өткізгендер: ОП-16-2, ТТ-16-1 топтарынан құрылған «Зерде», «Тұлпар», «Жалын», «Болашақ» командалары.
Қатысқандар: Жол-көлік факультетінің студенттері, «Серпіндестер ордасы» жатақханасында тұратын әр факультет студенттері.
Қазылар алқасы: Смағұлова Н.А., Ойратова А.,
Дебаттың қорытындысы: Қатысқан командалардың ішінен «Зерде», «Болашақ» командалары жақсы көрсеткіштерге жетті. Командалық есеп бойынша ТТ-16-1 тобы 1- орынды, ОП-16-2 тобы 2 — орынды иеленді.
АҚПАРАТ
Танымдық — тәрбиелік сабаққа жауаптылар:
п.ғ.м., аға оқытушы Әбілқасов Ғ.М., п.ғ.м., аға оқытушы Жетпісбай Ш.А
АҚПАРАТ
2016 жылы 21 қараша күні сағат 17.00-17.50-де кураторлық шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағатты жүргізген: п.ғ.м., оқытушы Салкебаева Айжан Дүйсембайқызы.
Тақырыбы: Болашақты анықтаған еуразиялық идея. Курс: І. Топ: ОП-16-1. Аудитория: 326. Шеберлік сағатының жалпы мақсаты: Тәрбиелік – студенттердің өз Отанына және халқына деген жоғары сезімдерін қалыптастыру. Елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу. Білімділік — болашақты анықтаған еуразиялық идея бойынша білімді жалпылап қорыту, тереңдету және бекіту. Дамытушылық – ойлау қабілеттерін қалыптастыру, ұжымда, топта жұмыс істеу дағдыларын меңгерту.
АҚПАРАТ
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 25 қараша күні «Ана тілім -тірлігімнің тірегі» әдеби оқу кеші өткізілді. Бұл іс-шараны кафедраның аға оқытушылары ф.ғ.к., Қ.Ж. Шабденова мен аға оқытушы М.Ә. Хасен және «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің жетекшісі п.ғ.м., аға оқытушы Ғ.М.Әбілқасов ұйымдастырды. Студенттер мерекелік шараға белсенді қатысты. Студенттер қазақ, орыс, ағылшын тілінде ән айтып, жыр оқыды. Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу
АҚПАРАТ
2016 жылдың 22 қыркүйек күні Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – достықтың алтын көпірі» тақырыбындағы мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шараны кафедраның аға оқытушылары ф.ғ.к., Н.Т.Нығметова мен Г.С. Байпелова және «Мәдени мұра» студенттердің үйірмесі ұйымдастырды, Студенттер мерекелік шараға белсенді қатысты. Студенттер қазақ, орыс, ағылшын тілінде ән айтып, жыр оқыды.
АҚПАРАТ
Салкебаева Айжан Дүйсенбайқызы Алматы қаласында 18.04.2016ж. – 30.04.2016ж. аралығында өтетін «БАҰО «Өрлеу» филиалы — Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институттың базасында өтетін ҚР ЖОО педагогикалық мамандықтардың оқытушыларының біліктілігін арттыру «Заманауи педагогикалық технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курстың мақсаты: оқытудың заманауи технологиялары саласында және еліміздің жоғары білім жүйесіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін оқыту мақсатында ЖОО-дағы педагогикалық мамандықтар бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру. Осы курстан өту барысында алғашқы екі аптасында сабақтар онлайн режимде жүргізілді. Одан кейін институтта 4 модуль, яғни 1 модуль – «Нормативті-құқықтық модуль», 2 модуль — «Психологиялық-педагогикалық», 3 модуль — «Технологиялық модуль», 4 модуль — «Мазмұндық модуль» бойынша профессор, ғалымдар келіп дәрістер оқыды. Тыңдаушы ретінде аталған курсқа қатысып, курс барысында алған білім, білік, дағды, әдістер заманауи технологияларды алдағы уақытта өз тәжірибемде қолдану үшін алдыма мынадай мақсат қойды: оқытудың заманауи технологияларын меңгере отырып тәжірибе алмасу және практикалық сабақ барысында қолдана білу.
АҚПАРАТ
2016 жылдың 30 наурыз күні «Кәсіби мерекелер. Грамматика: Болжау мәнді сөйлем» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты Білімділік: Студенттердің жаңа сабақ бойынша білімдерін тереңдету; Мәтін, жаңа сөздер арқылы қазақша сөйлеу деңгейлерін жетілдіру; Тақырыпты түсіндіре отырып, дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды меңгерту. Дамытушылық: Жаңа сөздер арқылы сөз тіркестерін құрастыру, мәтін, сұрақ – жауап, грамматикалық тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін, ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту, қазақша сөйлеу деңгейлерін жетілдіру. Тәрбиелік: Өз ойларын нақты, дұрыс жеткізе білуге, барлық мамандық иелерін сыйлай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Бар мамандықтардың адамға қажет екенін ұғындыру. Өткізілу уақыты: 10.55-11.45. 326 ауд. Топ: УиА-15-2. Өткізген: п.ғ.м., оқытушы Салкебаева А.Д.
АҚПАРАТ
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейді, жаңарады. Қазақ тіілі және мәдениеті кафедрасының ұжымы Наурыз мерекесін тойлауға, киіз үйді безендіруге белсенді қатысты.
АҚПАРАТ
29.02.2016 жылы «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Хамзина Қ. М., п.ғ.м., оқытушы Оспангалиева М.Т., ұйымдастыруымен «Қазақ тілі» пәні бойынша факультетаралық «Өз тіліңді білгенің – өз еліңді сүйгенің» атты олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғам өміріндегі алатын орны мен маңызын, қажеттілігін көрсету. Яғни, бұдан студенттердің қазақ тілін үйренуге деген құштарлығы, қызығушылығы, оқып-үйренгендерінің қандай деңгейге жеткенін көру. Олимпиаданың алғашқы кезеңінде: «Қазақстан-2050» стратегиясы – жарқын болашақтың кепілі»; «Елбасының жалау еткен жолдауы»; «ЭКСПО-2017» жаһандық көрмесінің менің елім үшін маңыздылығы»; «Қазақстандағы мемлекеттік тілдің мәртебесі»; «Табиғат пен адам қатар ұғым» тақырыптарында таңдау бойынша шығарма жазу тапсырылды.
Қатысқан студенттер: (МАШ-15-1) Даутова Алена;
(ФИЭМ-15-3) Нығметова Анель;
(РЭТ-15-4) Қожанова Рахат;
(АиУ-15-3) Мұса Назым;
(БТ-15-5)Алиханова Альбина;
(БТ-15-5)Кочнева Наталья;
(ФИТ-15-2)Дискаева Марал;
(АРХ-15-2)Афанасьева Елизавета,
(ЖКФ) Захаров Владимир.
Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген студенттердің ішінен 2-ші турға ең үздіктер болып іріктеліп алынды.
Келесі кезеңге жолдама алған студенттер грамматикалық тест тапсыру арқылы өзара сайысқа түсті.
«Қазақ тілі» пәні бойынша факультетаралық «Өз тіліңді білгенің – өз еліңді сүйгенің» атты олимпиада жүлделі орындарға ие болған студенттерге алғыс хаттар табысталды, олар:
1 орын – ФИЭМ-15-3 тобының студенті Нығметова Анель. Әзірлеген аға оқытушы, ф.ғ.к., Нығметова Н.Т.
2 орын – МАШ-15-1 тобының студенті Даутова Алена. Әзірлеген аға оқытушы, п.ғ.м. Нуржанова Қ.Қ.
2 орын – АРХ-15-2 тобының студенті Афанасьева Елизавета. Әзірлеген аға оқытушы, п.ғ.м. Сағатова Г.Қ.
3 орын – РЭТ-15-4 тобының студенті Қожанова Рахат. Әзірлеген аға оқытушы, п.ғ.м. Әбілқасов Ғ.М.
3 орын – БТ-15-5 тобының студенті Алиханова Альбина. Әзірлеген аға оқытушы, п.ғ.м. Тусупбекова Э.Қ.
АҚПАРАТ
Қарағанды қаласының әкімдігі «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында 2016 жылдың 19 ақпанында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей мен Мұқағали Мақатаев атындағы қалалық дәстүрлі байқауына Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Электрэнергетика, автоматтандыру және телекоммуникация» факультетінің 2 курс студенті, «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің мүшесі Амирғазы Еламан қатысып, 60-тан астам үміткердің арасынан озып шығып жүлделі үшінші орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға-оқытушысы, пед.ғылымдарының магистрі Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы.
АҚПАРАТ
11.02.2016 жылы «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі доцент, ф.ғ.к. Қалыбекова Қ. С., доцент, ф.ғ.к. Хамзина Қ. М., п.ғ.м., аға оқытушы Нұржанова Қ. Қ., п.ғ.м., аға оқытушы Түсіпбекова Э. Қ., п.ғ.м., оқытушы Иманбаева С. Б. ұйымдастыруымен «Қазақ тілі» пәні бойынша Қарағанды облысының 11 сынып мектеп оқушылары арасында интернет-олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғам өміріндегі алатын орны мен маңызын, қажеттілігін көрсету. Яғни, бұдан оқушылардың, болашақ студенттердің қазақ тілін үйренуге деген құштарлығы, қызығушылығы, оқып-үйренгендерінің қандай деңгейге жеткенін көру. Интернет-олимпиаданың алғашқы кезеңінде «Қазақстан-2050» стратегиясы – жарқын болашақтың кепілі», «Елбасының жалау еткен жолдауы», «ЭКСПО-2017» жаһандық көрмесінің менің елім үшін маңыздылығы, «Қазақстандағы мемлекеттік тілдің мәртебесі», «Техникалық мамандықты таңдау – болашақты таңдау», «Табиғат пен адам қатар ұғым» тақырыптарында таңдау бойынша шығарма жазу тапсырылды. Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген 21 білім алушылардың ішінен 7 білім алушы ең үздіктер болып іріктеліп алынды. Келесі кезеңге жолдама алған оқушылар грамматикалық тест тапсыру арқылы өзара сайысқа түсті.
Екінші, үшінші жүлделі орындарға ие болған оқушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Интернет-олимпиаданың ұйымдастырушысы доцент, филология ғылымдарының кандидаты Хамзина Қарлығаш Мәуенқызы: «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, еліміздің басты нышаны болғандықтан осындай сайыстарды өткізу арқылы тіл мәртебесін көтеруге барынша атсалысудамыз. Бүгінгі жастардың тілге деген құрметі, талпынысы қуантады. Бүгінгі олимпиада қатысушыларына болашақта зор табыстар тілейміз» — деп, өз ықыласын білдірді.
Интернет-олимпиаданың жеңімпазы Жамбаева Орынбасар: «Сайыс өте тартысты өтті. Әрине, әрқайсымыз қазақ тілінің тұғырын көтеруге тырысудамыз. Барша қазақстандықтарды мемлекеттік тілді жетік меңгеруге шақырамын», – деді.
АҚПАРАТ
2015 жылы 9 желтоқсан күні сағат 11.00 -де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым » атты мәдени іс – шара өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, жастардың Отанға, ана тіліне, туған ел,туған жерге деген сүйспеншіліктерін арттыру.
Өткізгендер: п.ғ.м., аға оқытушы Ғ.М.Әбілқасов, аға оқытушы М.Ә.Хасен
АҚПАРАТ
Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 16 қазанында АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКОВ атындағы жас ақындар мен жазушылар, көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауы ұйымдастырылды. Байқау, көсемсөз шебері – Ақселеу Сейдімбековтың туған жері – Жаңаарқа ауданында өтті. Байқауға облысымыздың әр тарабынан 40-тан аса үміткер қатысты. Нәтижесінде, ҚарМТУ-дың қазақ тілі мен мәдениеті кафедрасының оқытушысы Рахымжанова Айзада жүлделі 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
АҚПАРАТ
2015 жылдың 9 қазанында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бас ғимаратының акт залында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ел қамқоры, ұлт жанашыры Ж.А.Тәшеневтің 100 жылдығына арналған «Ұлттық рухтың символы – Жұмабек Тәшенев» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция мақсаты – аса көрнекті мемлекет қайраткерінің елге сіңірген ересен еңбегі, ұлы тұлғаның өмірі мен қоғамдағы алған орны туралы келелі әңгіме қозғап, оның Елдік туын тұғырынан түсірмей жасаған ерлік істерін үлгі-өнеге етіп, рухани игіліктерді танып білуге, өткен тарихымызды зерделеуге ұмтылдырып, қазақ жастарына патриоттық тәрбие беру. Жұмабек Тәшенев – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер. Халқымыздың біртуар ұлының отансүйгіштік, ұлтжандылық, намысшылдық және жүрек жұтқан ерлік үлгісі егемен ел атанып, тәуелсіздік туын желбіреткен тұтастай қазақ еліне, соның ішінде қазіргі қайраткерлер мен санаткерлерге жігер-қуат берері сөзсіз.
Конференцияға:
Т.Қ. Өмірзақов (ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының докторы, ҚарМТУ-дың құрметті профессоры);
М.Ж. Байғазин (жазушы, тәшеневтанушы);
Б.Т. Әлімжанов (ақын, әдебиет пен өнер зерттеушісі, драматург, мәдениет қайраткері);
С.Ж. Тәшенев, Ф.С. Тәшенева, Л.Б. Абдушкурова (ұрпақтары);
С.Ж. Дүйсен (ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты);
Ғ.М. Қарасаев (ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, бөлім бастығы, тарих ғылымдарының докторы, профессор);
М. Алпысбес (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы),
сонымен қатар Қазақстанның қоғамдық ғылым саласындағы танымал ғалымдары мен белгілі саясаткерлері, оқытушылар, магистранттар қатысты.
АҚПАРАТ
2015 жылдың 22 қыркүйегінде «Жастар әлемі» сарайында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараның мақсаты: Жас студенттерді мемлекеттік тіл мен ана тілін құрметтеуге баулу, сондай-ақ патриотизмге тәрбиелеу.
Мерекелік іс-шара ҚР әнұранының салтанатты түрде орындалуымен басталды. Іс-шараны жүргізушілер үш тілде өткізді: қазақша, орысша және ағылшынша. Студенттерге қошемет көрсетуге топ кураторлары мен пән оқытушылары қатысты. Концерттік бағдарламада қазақ және өзбек ұлтының әсем билері биленді. Қазақша, орысша, ағылшынша әндер орындалды және «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің мүшесі Абілғазы Еламан мәнерлеп өлең оқыды. Көрермендер ду қол шапалақ соғу арқылы қатысушыларды марапаттады.
Сонымен бірге өз өнерлерімен көзге түскен студенттер: Нурмаганбетова Айтолкын, Сагинбекова Марал, Халимарденова Асель, Аскарова Асия, Шохан Актолкын, Мадина Такешева және Толеухан Темирлан.
Іс-шараны қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы орыс тілі және мәдениеті кафедрасымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Іс-шараға жауаптылар: п.ғ.м., оқытушы Жетпісбай Ш.А.
п.ғ.м., оқытушы Салкебаева А.Д.
АҚПАРАТ
10.04.2015ж. сағат 14.00-де бірінші корпустың 336 – оқу аудиториясында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған патриоттық –әскери әндер байқауы факультет аралық байқау өтті.
Мақсаты: Студенттерге ерлік пен батылдық туралы түсінік беру; Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен еңбегін паш ету; жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу; Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету. Нәтижесінде І-ші дәрежелі дипломмен МВ-14-3 тобының студенттері, ІI-ші дәрежелі дипломмен ФИТ-14-4 тобының студенттері, ІII-ші дәрежелі дипломмен ГД-14-3 тобының студенті Ргалбекова А., ТТ -13-3 Алтынханова Ә., ГД-14-4 Хамидова К. марапатталды.
Әділ-қазылар мүшелері:
- Шаимова Д.Е.– Патриоттық тәрбие берудің ғылыми зерттеу институтының директорының міндетін атқарушысы
- Нығметова Н.Т. – қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы
- Байпелова Г.С. – қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы
- Нұржанова Қ.Қ. -қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы
Ұйымдастырушылар: Әбілқасов Ғ.М., Күлейменова Л.М.,Хамзина Қ.М.
АҚПАРАТ
19 наурыз күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде Қазақ хандығының 550 жылдығы бағытымен бірінші корпустың №336 аудиториясында ТТ-14-1с тобының студенттерімен қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы М.Т. Оспанғалиеваның «Қазақтың ұлы билері – Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би» тақырыбында ашық шебер кураторлық сағаты өтті.
Мақсаты: Болашақ ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке, елжандылыққа, ұлы билердің өмірін, еңбегін үлгі ете отырып, туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, мейірімділікке, әділдікке, адалдыққа, ерлікке, елінің адал перзенті болуға тәрбиелеу.
АҚПАРАТ
«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2015 жылдың ақпан айының 27 күні « Тіл білгірі – 2015» қалалық байқауын өткізді. Осы байқауға Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің тау-кен факультетінің ГД-14-2 тобының студенті Иванов Иван қатысып Бас жүлдеге ие болды. Арнайы бағалы сыйлықпен марапатталды. Бұл байқауға Иванов Иванды дайындаған қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушылары Г.С. Байпелова, Л.М. Күлейменова, Н.Т. Нығметова, Қарағанды қаласының әкімдігі, Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хатына ие болды.
Бұл байқаудың мақсаты – қазақ тілін жетік меңгерген қабілетті өзге ұлт өкілдері жастарын анықтау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, қазақстандық патриотизмді нығайту.
АҚПАРАТ
2015 жылдың 25 ақпан күні сағат 14.00-17.50 аралығында «Қазақ тілін білгенің – өз еліңді сүйгенің» атты факультетаралық олимпиада өткізілді. Олимпиада үш кезеңнен өтті.
Олимпиаданың бірінші кезеңі:
І. Эссе
1). Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына
«Менің атам майдангер».
2). Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл «Ассамблея – татулық темірқазығы».
3). Конституцияға – 20 жыл
«Тәуелсіздіктің тірегі – Ата Заң».
4). Қазақ хандығына – 550 жыл.
«Қазақ хандары».
Олимпиаданың екінші кезеңі:
ІІ. Суретпен жұмыс.
Олимпиаданың үшінші кезеңі:
ІІІ. Тест тапсырмалары.
Олимпиадаға өзге ұлт өкілдерінен 14 студент қатысуға ықыласын білдірді. 13 студент қатысты.
Нәтижесінде І орынды ФЭТ-РЭТ-14-2 тобының студенті Корябкин Андрей иеленді. ІІ орынды ГФ—ГД-14-4 тобының студенті Мазур—Соцкий Кирилл және ФЭТ—ЭЭ-14-2 тобының студенті Байц Виктория иеленді. ІІІ орынды МФ—МВ-14-3 тобының студенті НямцуСая, ГФ—ГПР-14-2 тобының студенті Ибрагимов Ибрагим, ФЭМ—ФЭМ-14-3 тобының студенті Талалайкина Татьяна иеленді. Олимпиадаға қатысқан студенттер және орын иеленген студенттердің оқытушылары университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.
Әділ-қазылар мүшелері:
- Қ.Қ.Нұржанова – қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, оқу ісіне жауапты;
- Ғ.М.Әбілқасов – қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы.
Өткізгендер: Э.Қ.Түсіпбекова
А.Д.Салкебаева
АҚПАРАТ
22 қыркүйек күні сағат 13.00-де Қазақстан халықтарының Тілдері күніне арналған қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халықтың жаны» атты бірінші корпустың 326 – Ұлтаралық келісім кабинетінде факультет аралық сайыс өтті. Мақсаты: Студенттердің қазақша сөйлеу дағдысын арттыру, қазақ халқының салт — дәстүрімен, мәдениетін білуге, қазақ тілін меңгеруге, өз ойын жеткізе білуге үйрету, қазақ ақын — жазушыларының шығармаларымен таныс болып, оны жатқа білуге баулу, студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу. Нәтижесінде бас жүлдені иеленген «Тұлпар», І орынды иеленген «Сұңқар» командаларының капитаны мадақтамамен, топ құрамының қатысушылары алғыс хатпен марапатталды.
Әділ-қазылар мүшелері:
- Қ.С. Қалыбекова – қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент
- Г.Қ. Сағатова — қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы
- Л.М. Күлейменова — қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы
Өткізгендер: Н.А. Смағұлова
М.Т. Оспанғалиева
С.Б. Иманбаева
АҚПАРАТ
29.09.2014ж ОП-14-2 тобының кураторы Кулейменова Ләйла Мадениетовна «Астана – Қазақстанның жаңарған бейнесі оның көпұлтты халқының жасампаз жігерлігінің нышаны» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Куратор сағатының мақсаты:
Тәрбиелік – Қазақ жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен жаңа Астана тарихымен таныстыру; Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту; тариха енген жаңа астанамыз Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болғандығы және Астана біздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып, қазақстандықтарды бір шаңырақ астына жинадығы, Астанамыздың 16 жылда қол жеткізген жетістіктері туралы айтылды.
АҚПАРАТ
2014 жылдың 31 қазан күні Сәкен Сейфуллиннің туғанына120 жыл толуына арналған Қарағанды қаласының мектеп оқушылары (9 – 11 сыныптар) арасында «Сәкен мұралары – тарихи жәдігерлер» атты шығарма конкурсы өткізілді. Шығарма конкурсына Қарағанды қаласының № 77, № 68, № 81, № 17,№ 101 , № 8 мектептердің (9 – 11 сыныптар) аралығында оқитын оқушылар қатысты. Мектеп оқушылары университет тарихымен танысу мақсатында университет мұражайларында болып, мағұлматтар алды. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетіліп, кітапхана қызметкері оқушыларға Сәкен Сейфуллиннің твочествосына арналған кітап көрмесін ұйымдастырып, тың мәліметтер айтты. Соңынан мектеп оқушылары «Сәкен мұралары – тарихи жәдігерлер» атты шығарма жазып тапсырды. Нәтижесінде № 77 мектеп оқушысы Сарқытов Ернияз, № 8 мектеп оқушысы Будикова Жансая, № 81 мектеп оқушысы Канафина Әлия жүлделі орындарға ие болды. Жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар мен дипломдар, қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды. Байқауға оқушыларды даярлаған № 77 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақтаева Сабира Далбайқызына, № 8 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Макачева Гүлім Күнгалиевнаға, № 81 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балтабекова Гауһарға университет ректоры атынан алғыс хаттар тапсырылды.
АҚПАРАТ
2014 жылы 11 желтоқсан күні сағат 15.00 -де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақ тілі- ана тілім» атты мәдени іс – шара өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, жастардың Отанға, ана тіліне, туған ел,туған жерге деген сүйспеншіліктерін арттыру. Өткізгендер: п.ғ.м., аға оқытушы Ғ.М.Әбілқасов, аға оқытушы М.Ә.Хасен.
Мәдени іс – шараның ашылуы.