Инженерлік-техникалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыру және еңбек нарығының талаптарына лайық болу максатында 2014 ж. ҚарТУ-да «Инженерлік педагогика орталығы» (ИПО) құрылды.
ИПО-ның қызметі инновациялық білім беру технологияларының және ең үздік заманауи инженерлік-педагогика тәжірбиесі негізінде ҚарТУ ППҚ кәсіби дамуына бағытталған.
ИПО мақсаты білікті және бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін ҚарТУ ППҚ инжернерлік-педагогикалық әлеуетін жетілдіру болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес ИПО келесі міндеттерді шешеді:
- Кәсіптік білім беру саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
- Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.
- ҚарТУ профессор-оқытушылар құрамы үшін оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу;
- Халықаралық ғылыми байланыстарды орнату және дамыту және т. б.;
- Қосымша білім беру қызметтерін коммерцияландыруға бағытталған қызметті жүзеге асыру.
ИПО директоры — педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Смирнова Галина Михайловна.
2016 жылы инженерлік педагогика орталығына Қазақстан Республикасындағы инженерлік педагогика ғылыми мектебінің негізін қалаушы В. В. Егоровтың есімі берілді.
ИПО материалдық-техникалық жабдықтандырылуы
ИПО ең бір табысты жұмыс істеу шарты, оның оқу-материалдық базасында, заманауи талаптарға сай келетін компьютерлік және телеқатынастық техникалармен жабдықталған дәрісханалар.