Орталық «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ ПОҚ-ның, құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру үшін педагог қызметкерлердің инженерлік-педагогикалық әлеуетін жетілдіруге, басшы кадрлардың, өндіріс мамандары мен білім беру саласының қызметкерлерінің білімдерін жаңарту, тереңдету үшін жағдайларды қамтамасыз етуге, олардың еңбек нарығындағы кәсіби даярлық деңгейіне қойылатын талаптардың артуына және оларды игеру қажеттілігіне байланысты республика экономикасын дамытудың қазіргі жағдайындағы инновациялық технологияларға бағдарланған. Орталықтың мақсаты құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру үшін ҚарТУ ПОҚ-ның, педагогикалық қызметкерлердің инженерлік-педагогикалық әлеуетін жетілдіру болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес Орталық келесі міндеттерді шешеді:
- Кәсіптік білім беру саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
- Инженерлік-педагогикалық, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;
- Профессор-оқытушылар құрамы үшін оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу;
- Халықаралық ғылыми байланыстарды орнату мен дамыту және т.б.;
- Қосымша білім беру қызметтерін коммерцияландыруға бағытталған қызметті жүзеге асыру.
2016 жылы инженерлік педагогика орталығына Қазақстан Республикасындағы инженерлік педагогика ғылыми мектебінің негізін қалаушы В.В. Егоровтың есімі берілді.
Орталықты материалдық-техникалық жарақтандырылуы
Орталықтың табысты жұмыс істеуінің шарттарының бірі оның заманауи талаптарға жауап беретін оқу-материалдық базасы болып табылады: жаңа компьютерлік және телекоммуникациялық техникамен жабдықталған дәрісханалар.