«Инженерлік кәсіпкерлік және маркетинг» кафедрасы «Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис», «Әлеуметтік-мәдени сервис» және «Маркетинг» мамандықтарын шығарушы кафедра болып табылады. Кафедраның оқытушылары сондай-ақ бакалавриат бойынша техникалық мамандықтырға экономикалық пәндер бойынша береді.
Кафедрада дайындалған оқу бағдарламалары нарықта теңдесі жоқ мамандарды дайындап шығаруға негізделген. Студенттер практикаларын ірі риэлторылқ компанияларда, әлеуметтік-мәдени мекемелерде, салық инспекцияларда, коммерциялық банктерде, өндірістік кәсіпорындарда, түрлі меншік иеліктегі құрылыс компанияларында өтеді.
Кафедраның мамандықтарында оқып жатқан студенттер арасында:
• Үздік студенттік жұмыс, инновациялық жоба бойынша ҚР БҒМ конкурстарының жеңімпаздары бар.
• Әр-түрлі факультет аралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары.
Көптеген біздің студенттер практика өту барысында болашақтағы жұмыстарын тауып жатқандары бар. Дипломдық жұмысты қорғай алдында студенттер жұмыс орнымен қамтылады. Кафедраның түлектері ішінде- ірі компаниялар, фирмалар басшылары, мамандар, ғылыми қызметкерлер, кәсіпорын иелері бар.