КЭжМ кафедрасының оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізуде!!! 11.11.2024ж. № 92 “Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия” оқушыларына “Кәсіпорын экономикасы және менеджменті” кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Кернебаев А.С. кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді. Бұл жұмыстың мақсаты — жастарды болашақта дұрыс мамандық таңдауға, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды тануға және кәсіби дағдыларды дамытуға бағыттау.