Интернет олимпиада


Әбілқас Сағынов атыңдағы Қарағанды техникалық университетінде  12.01.24 ж. мен 29.03.24 ж. аралығында Қазақстанның жоғары оқу орнына дейінгі мекемелерінің 11 сынып оқушылары мен 1 курс колледж студенттері үшін математика, физика, информатика, Қазақстан тарихы, химия, биология, қазақ және орыс тілдері, география пәндері бойынша интернет-олимпиада өткізіледі.

Мемлекеттік грант бойынша ҚарТУ-ға оқуға түскен жағдайда жеңімпаздар стипендияға үстемеақы түрінде (оқудың бірінші жылы ішінде) мөлшерінде көтермелеумен марапатталады: 

  • I орын—  16 жеңімпаз (стипендияға 10% үстеме);
  • II орын — 16 жеңімпаз (стипендияға 7% үстеме);
  • III орын — 16 жеңімпаз (стипендияға 5% үстеме).

Жеңімпаздар коммерциялық оқуға ҚарТУ-ға түскен жағдайда ай сайынғы төлемді, үстемеақының тиісті сомасын алу түріндегі көтермелеумен марапатталады:

  • I орын-16 жеңімпаз (10% жеңілдік);
  • II орын-16 жеңімпаз (7% жеңілдік);
  • III орын-16 жеңімпаз (5% жеңілдік).

Олимпиаданың қорытынды кезеңінің басқа қатысушылары қатысушы сертификаттарымен марапатталады.

1 турдың өту күні Тақырып
01.02.2024ж. – 02.02.2024ж. Математика
05.02.2024ж. Орыс тілі
05.02.2024ж. Қазақ тілі
06.02.2024ж. — 07.02.2024ж. Физика
08.02.2024ж.- 09.02.2024ж Информатика
12.02.2024ж. Химия
13.02.2024ж. Биология
14.02.2024ж. Қазақстан Тарихы
14.02.2024ж. География

Интернет-олимпиада жеңімпаздарының тізімдері Instagram әлеуметтік желісінде көрсетіледі (ол үшін abiturientu_kartu бетіне жазылу қажет).

Жеңімпаздарға дипломдар, қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдерге куәліктер, мектеп (колледж) директорларына, пән мұғалімдеріне алғыс хаттар қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.

Без рубрики