Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері WorldSkills Karaganda-2022 жүлдегерлері атанды


Осы жылы WorldSkills Karaganda-2022 VI аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты 52 құзыреттілік бойынша өткізілді.

Оған Қарағанды облысы колледждерінің 350 студенті қатысты. Осындай бәсекелестікке қарамастан, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінің үш студенті үш құзыреттілік бойынша жүлделі орындарға ие болды, олар: «Теміржол көлігі технологиясы» — Бексұлтан Семендеров (2 орын), «Жүктерді экспедициялау» — Әлібек Тәшенов (3 орын) және «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» — Илья Явушкин (3 орын). Студенттері жүлделі орындарға ие болған, арнайы пәндер жетекшілері Р. Б. Аккушкаров, И. С. Махашева және А.С. Мыңбаева өз тәрбиеленушілерімен мақтана алады.

Чемпионат қатысушылары мен олардың жетекшілері грамоталармен, ақшалай сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың қазан айында «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша білім алып жатқан үшінші курс студенті Бексұлтан Семендеров (жетекшісі Р.Б. Аккушкаров) колледждің атынан Республикалық чемпионатта өнер көрсететін болады.

Без рубрики