«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Иманбаев Ернат Бақытовичтың 8D071 – «Инженерия және инженерлік іс» бағыты, 8D07101 – «Машина жасау» мамандығы бойынша «Жылжымалы құрамның автотіркегіш құрылғысының бөлшектерін жасау технологиясын зерттеу және жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасында орындалған.
Ресми рецензенттер:
- Қасенов Асылбек Жумабекович — техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Торайғыров университетінің «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
- Жумекенова Зауре Жетписбаевна — PhD докторы, Қазақстан Республикасы, Петропавл қ., «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университеті» КеАҚ, «Көлік және машина жасау» кафедрасының доценті.
Ғылыми кеңесшілер:
- Шеров Карибек Тагаевич – техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы, Астана қ., «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының профессоры.
- Мардонов Бахтиёр Тешаевич – техника ғылымдарының докторы, Өзбекстан Республикасы, Навои қ., Навои мемлекеттік тау-кен технологиялық университетінің ректоры, «Машина жасау технологиясы» кафедрасының профессоры.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Королев Альберт Викторович – техника ғылымдарының докторы, РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері, РФ Президентінің сыйлықтарының лауреаты, Ресей Федерациясы, Саратов қ., Ю. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің «Машина жасау технологиясы» кафедрасының профессоры.
- Абишев Кайратолла Кайроллинович – техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Торайғыров университетінің инженерия факультетінің деканы, «Көліктік техника және логистика» кафедрасының профессоры.
- Қасенов Асылбек Жумабекович — техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Торайғыров университетінің «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
- Байгереев Самат Ракимгалиевич — PhD докторы, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ., Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті машина жасау мектебі деканының орынбасары.
Қорғау өтеді: 2023 жылғы 18 сәуірде сағат 11.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-да 8D07101 «Машина жасау», 8D07102 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», 6D071200 «Машина жасау» және 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесте, мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, бірінші корпус, 236 дәрісхана. Қорғау онлайн режимде Zoom платформасында (ID 690 015 4360, рұқсат коды 777) өтеді.
Веб-сайттың мекенжайы: www.kstu.kz Е-mail: y.imanbayev@gmail.com
Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша бейресми пікірлерді одан әрі қорғауға ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Құрмашева Бақыт Қуанышқызының электрондық поштасына kurmashevabk@gmail.com жіберу қажет.