Бүгін академиялық ұтқырлықтың аяқталуына орай Қарағанды индустриалды университетінің 7М07108 — Органикалық заттардың химиялық технологиясы ББ 1-курс магистранты И.М. Акмаловадан пікір алдық.
«Сәлеметсіз бе! Жақында Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ-да оқығаным туралы өз пікірім мен лебізімді қалдырғым келеді. Мен И.М. Акмалова – ҚарИУ 1-курс магистрантымын. Маған «Органикалық синтездің заманауи әдістері» пәні бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға мүмкіндік берілді. Оқыту жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жоғары білікті оқытушы барлық қажетті теориялық материалдармен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, университет базасында қайың қабығынан бетулин алу бойынша зертханалық зерттеулер жүргізілді. Оудан тек жағымды эмоциялар алдым, жаңа білім алуға мүмкіндік бергені үшін ҚарТУ мен ҚарИУ-ға алғысымды білдіремін».
Химия және химиялық технологиялар кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда.