Органикалық заттардың химиялық технологиясы


Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша  2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде мамандарды дайындаудың екі бағытын көрсетеді:

-Химиялық-фармацевтикалық препараттардың технологиясы;

-Көмір және газ өңдеудің технологиясы;

 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы химиялық тау-кен металлургиясында, мұнайгазхимиясында, мұнай өңдеуші салаларда жұмыс істей алатын мамандарды дайындайды.

Бітірушінің біліктілік сала қызметі болып табылады:

Органикалық синтездің өңдеу үрдісі, тасымалдау, жобалау және оны шынайы түрде жүзеге асыру, сондай-ақ мономерлер мен қосымша заттарды қолдану арқылы полимер, жанармай, органикалық синтз өнімдерін  алу мақсатын орындау.

 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша бітірген студенттер кейін мынандай жұмыс орындарында талап етіледі: органикалық заттар мен материалдар дайындайтын өнеркәсіпте, көмір өндіретін салада, ғылыми –зерттеу және жобалау институттарында, жоғарғы және орта техникалық мекемелерде қызмет атқара алады.

 Бұл оқуды аяқтағаннан кейін бітірушіге бакалавр академиялық дәрежесі беріледі. Қарағанды өңірінде тек қана материалды-техникалық базамен ғана шектелмеген, онда сондай-ақ органикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша қамтамассыз ете алатын үлкен ғылыми-зерттемелік тәжірибесі бар мамандарды дайындаудың озық үлгісі бар.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында халықты қауіпсіз фармацевтикалық заттармен қамтамассыз ету мәселесі тұр. Тағы бір айтатын жайт өзіміздің жеке фарминдустриясын қалыптастыру мәселесі бар.

Төртінші пән: химия

Оқу жылы — 4 жыл

Без рубрики