«ХХІ ғасырдың індеттері»


2016 жылдың 7 қазанында Сәулет және құрылыс факультетінің ТІ жөніндегі декан орынбасары Мусаева Ж.Т. ұйымдастыруымен ҚарМТУ-дың №1 жатақханасында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен «ХХІ ғасырдың індеттері» атты тақырыпта сот процессі нысанындағы рольдік ойын түрі көрсетілді.  Аталған іс-шараның мақсаты — бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі студенттер арасындағы құқық бұзушылықты алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету болып табылады. Жалпы іс-шара жоғары деңгейде өтті деуге болады. Ең бастысы, студенттерге үндеу тасталды, күнделікті өмірде соқтығысып жатқан құқық бұзушылықты алдын алу және кері жолға түспеудің  жолдарын жеңіл әрі түсінікті формада жеткізді.

Без рубрики