Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция


2014 ж. 27- 28 қараша Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі ««Жасыл экономиканы» қамтамасыз етудің қаржы ресурстары – тұрақты дамудың жаңа парадигмасы» тақырыбында Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты- ғалымдар және мамандармен «жасыл экономикаға» көшудің проблемаларын талқылау және оның Қазақстанда дамуының қаржы механизімдерін және оны қолданудың ғылыми негізделген ұсыныстарын құру.

Конференция міндеттері:
• Әлемдік тәжірибе, сонымен қатар, Қазақстандық әлеует мәтінінде «Жасыл экономика» зерттеуінің нәтижелерін сараптау.
• «Жасыл экономикаға» көшу проблемаларын анықтау және оны қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.
• ҚР тұрақты дамуының әлеуметтік- экономикалық мәселелерін шешу.
• «Жасыл экономика» дамуының ерекшеліктері мен қиындықтарын нақтылау.
• «Жасыл экономика» дамуындағы инновациялық ресурстардың рөлін анықтау.
• «Жасыл экономика» дамуында қаржы ресурстарын тиімді қолданудың ғылыми негізделген ұсыныстарын құру.
• Қазақстан аймақтарында «жасыл» инвестицияларды, «жасыл» бизнесті және экоинновацияларды ынталандыруға экономикалық әдістер мен қаражат ұсыну.
• Қайта құрылушы ресурстардың есебі, тексеруі және сараптауы бойынша сұрақтар ұсыну.
Конференция барысында 3 секция жұмыс жасайды. Өтініштер 2014 ж. 1 қарашасына дейін қатысушы туралы толық мәліметтер ұсынылған жағдайда қабылданады.
Баяндаманы қабылдау туралы шешім 2014 ж. 10 қарашасына дейін хабарланады.
Конференция материалдары бойынша жинақ шығару жоспарлануда.
Ақпараттық хат жүктеу

Без рубрики