Халықаралық ынтымақтастық


«Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасы

 


2019-2020 оқу жылына нанотехнология және металлургия кафедраның халықаралық ынтымақтастық жағдайы туралы есеп.

Корпоративтік университет кәсіпорындарымен жұмысы туралы 2018-19 оқу жылына есеп


«Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының ЖОО – әріптестері  Аахен техникалық университеті (Германия), Луизиан техникалық университеті (АҚШ), Нанси университеті (Франция), Бирменгем университеті (Ұлыбритания), Болаттар мен қорытпалар Мәскеу институты (БмҚМИ техникалық университеті), Сібір мемлекеттік индустриалды   университеті (Ресей), Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университеті (Ресей), Навоий мемлекеттік тау – кен  институты (Өзбекстан) болып табылады.

НМТИ – мен (Өзбекстан)  «Металлургия» мамандығы бойынша магистранттарға екі жоғары білім беру бойынша жұмыс оқу жоспары келісілген және келісім – шарт жасалды.

Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетімен «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының магистранттарына екі жоғары білім беру бойынша оқу жұмыс жоспарын келісу кезеңінде.

Кафедра магистранттары Аахен техникалық университетінде, Луизиан техникалық университетінде, Праж техникалық университетінде, Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетінде сынақ мерзімінде болды.

Студенттерге, магистранттарға, профессор – оқытушы құрамына дәріс оқу үшін жетекші мамандар ұдайы келіп тұрады.

Кафедра Темпус IV бағдарламасына Нанси университетімен бірге қатысады.

Шетел мамандарының кафедраға келуі. 

 2010-2011 жылдың ішінде мастер –класс және дәріс оқуға кафедраға Ю.Львов(Луизиан техникалық университеті, АҚШ); проф. Э.Б. Тен(Болаттар мен қорытпалар Мәскеу институты); проф. Д.Б. Холикулов(Навой мемлекеттік тау –кен институты, Өзбекстан); проф. В.Б. Маркин (Алтай мемлекеттік техникалық университеті, Ресей); проф. Ж. Мишо және проф. М. Швистек (Нанси Университеті, Франция); проф. А.А. Смолькинжәне проф. А.И. Батышев (Мәскеу мемлекеттік ашық университеті, Ресей) келді. 2011 жылдың қараша айының соңында проф. М.Е. Рощинның (Оңтүстік -Оралмемлекеттік университеті, Ресей); проф. К.А. Батышевтің (Мәскеу мемлекеттік ашық университеті, Ресей) және проф. Г.А. Косниковтің (Санкт-Петербург мемлекеттікполитехникалық университеті, Ресей) келуі күтілуде.

Халықаралық  ынтымақтастық. 

 

Кафедра Металлургия саласында Томск политехникалық университетімен, Болаттар мен қорытпалар Мәскеу институтымен, Луизиан техникалық университетімен ынтымақтастық ету жөнінде келісім –шарт жасау жүзеге асырылып жатыр. Ынтымақтастық аясында оқытушылар мен магистранттардың сынақ ісінен өтуі ұйымдастырылып жатыр, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

Нанси университетінде. Бірлескен ғылыми жобаларды талқылау

Кафедра түлектері жолдама және жеке контракт бойынша Астана, Орал, Атырау, Рудный, Петропавл, Жезқазған, Павлодар, Алматы, Балқаш, Өскемен, Череповец, Новороссийск, Челябинск және Қазақстан және ТМД басқа қалаларында кәсіпорындарында табысты еңбек етіп жүр.

 

Түлектердің жәрмеңкелерін өткізу. 

Түлектердің жыл сайынғы жәрмеңке аясында кафедра 5В070900 – «Металлургия» и 5В071000 – «Материалтанужәне ТНМ» мамандықтарының 2015/16 оқу жылының түлектерімен әңгімелесуге ЖШС «Машзавод №1», ЖШС «Пархоменко атындағы КМЗ», АҚ «Казахмыс», ССГПО, АҚ «Алюминий Казахстана», ДГП «Ж. Әбішев атындағы ХМИ», АҚ «Силициум Казахстан», АҚ «АрселорМиттал Темиртау» өкілдерін шақырады.

 

Кристоф Лоран

НТМ кафедрасының студенттері мен оқытушыларына дәріс оқуда.

Кристоф Лоран докторанттарды дайындау біріккен жобасын талқылаудан кейін университет басшылығымен кездесу кезінде.

             2015 жылдың қазан айында біздің кафедраға материалтану және құю өндірісінің технологиясы бойынша дәрістер курсын оқуға Томск политехникалық университетінің «Материалтану және металдар технологиясы» кафедрасының профессоры Мельников Александр Григорьевич (Томск қаласы), техникалық ғылымдарының докторы, түсті металдар металлургиясы кафедрасының профессоры, ЖҒРА-ның корреспондент-мүшесі, МАНЭБ Иркутск мемлекеттік техникалық университетінің академигі (Иркутск қаласы) Баранов Анатолий Никитич іс-сапармен келді.

Саласындағы халықаралық ынтымақтастық

 

 

Без рубрики