Халықаралық ынтымақтастық


«Өндірістік үдерістің автоматтандыруының» кафедрасы


«Синергия» халықаралық университет желілік жобасы» сайтынан ақпарат https://synergy-network.ru


ӨПА кафедрасы халықаралық жобаларға белсенді қатысады. Бұл жобалар Синергия, Университет ШОС, Темпус-4, ТПУ, ИТМО және т.б. университеттермен келісім шарт жасалған. Нәтижесінде:

  • Технология бойынша «Электроэнергетика» және «Автоматтандыру және басқару» мамандықтарының магистранттары МЭИ және Б.Н. Ельцин атындағы УрФУ семестр бойы білім алады.
  • Синергия жобасы бойынша «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары халықаралық магистратурада білім алуда.
  • Екідипломдық білім алу технологиясы бойынша магистранттар Шарый С. («Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша МЭИ»), Авилов И. және Скублин В. («Электроэнергетика» мамандығы бойынша НИУ ТПУ) 2 диплом алды.
  • «Электроэнергетика» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура халықаралық аккредитация және ASIIN (Германия) агенттігіндегі аккредитацияны өте жақсы өтті.
  • Проф Брейдо И.В. және Фешин Б.Н. Синергия жобасы бойынша БГТУ (Военмех, Санкт-Петербург) жиналысына қатысты.
  • Проф Брейдо И.В. ШОС Университетінің Білім Апталығында Қытай, Ресей, Қырғызстан және Тәжікістан ЖОО екідипломдық білім алу Келісімшартқа қол қою марапаттау рәсіміне қатысты.
  • Қазіргі уақытта «Автоматтандыру және басқару» мамандығының магистранттары Омаров А. және Нысанбаева М. екідипломдық білім алу бағдарламасы бойынша ҚарМТУ және НИУ ТПУ оқып жатыр.
  • Кафедраның ОПҚ және магистранттар жыл сайын ОмГТУ (Омск қ) базасындағы АМИТ Халықаралық Интернет-конференцияға қатысады.
  • Магистранттар жыл сайын ОмГТУ-да біліктіліктерін жоғарлатады.
  • НИУ ТПУ тұрақты өзара қарым-қатынас орнатылған (аспирантура, ғылыми-оқу жабдықтарын жеткізу, өзара басылымдар).
  • Аға оқытушы Нурмаганбетова Г.С. РФ үкіметінің гранты бойынша КузГТУ (Кемерово) ғылыми біліктілігін жоғарлатты.
  • Проф. Брейдо И.В. УрФУ (Екатеринбург) шақыруы бойынша УрФУ және УГГУ магистранттары, аспирантарына және ПОҚ курс дәріс оқыды.
  • РТУ (Рига) оқытушылар делегациясы Темпус-4 жобасын іске асыру процесінде Қарағанды қаласында білім беріп, мастер-кластар өкізді. Ресурс-энергия бойынша, өндірісте практика арқылы білім беріп, сертификаттар берілді.
  • Брейдо И.В. кафедраның жасаған презентацияларын Темпус-4 жобасы бойынша Таллинн (ТТУ) және Рига (РТУ) қатысты.
  • Проф. Брейдо И.В. жыл сайын РФ және Украинада Бағдарламалық және Оргкомитет шет ел конференцияларына қатысады. Қазақстан бойынша автоматтандыру және мехатроника ДАААМ (57 ел, Венадағы штаб-квартира Австрия) халықаралық ұйымның президенті болып саналады. РФ ВАК ресей журналының редакциялық совет мүшесі болып саналады.
  • НИУ ТПУ оқытушылары кафедраның ОПҚ, магистранттарға және студенттерге сертификат беру арқылы білім берді.
  • Аға оқытушы Крицкий А.Б. НИУ ТПУ аспирантурасында оқиды.
  • Брейдо И.В. Назарбаев-Университетінде кафедраның зерттеулеріне презентация жасады.
  • Аға оқытушы Сичкаренко А.В. Алматы қаласында халықаралық көрмеде кафедраның зерттеулеріне презентация жасады.
  • Проф. Лукас В.А.(Германия) докторанттар мен магистранттарға консультация өткізді, дәрістер оқыды, сонымен қатар докторант Искаков У.К., ғылыми консультанты болып саналады.
  • Проф. Вяткин В. (Швеция) «Бағдарламалық-техникалық кешендерді тарату, жоғарғывольтті сымдардың электрберіліс элементтерін диагностикалау және қорғау» тақырыбы бойынша ғылыми консультант, сонымен қатар докторант Войткевич С. В., ғылыми консультанты болып саналады.
  • Проф. Войцик В. докторант Марквардта Р.В., ғылыми консультанты болып саналады.
  • Аға оқытушы Марквардт Р.В., Алматы қаласында Фесто-Алматы шет ел фирмасында тренингтер жүргізеді.
  • Проф Брейдо И.В. DАААМ 28 мерекелік Симпозиумына және «Интеллектуалды өндіріс және автоматтандыру» жобаны дамыту сұрақтарын шешу бойынша қатысты, Вена қ., Австрия.
  • Проф Брейдо И.В. 2017 жылдың қарашасында Shihezi University, Қытай дәріс оқыды.

Проф Брейдо И.В мамырдың он төртінен он сегізіне дейін Санкт-Петербург қ., РФ «Синергия» жобасын дамытуға қатысты мәселелерді шешу үшін конференцияға қатысты.

  • Проф Брейдо И.В мамырдың он бесінен он алтысына дейін Санкт-Петербург қ., РФ «Синергия» жобасы бойынша АМИТ конференциясына қатысты.
  • 2017 жылдың қараша айында ӨПА кафедрасының меңгерушісі Брейдо И.В. 28TH DAAAM INTERNATIONAL SYMPOSIUM ON INTELLIGENT MANUFACTURING AND AUTOMATION қатысты, Задар қ. (Хорватия), онда 2018 жылға арналған бірлескен ынтымақтастықты жалғастыруға қатысты мәселелер шешілді. Симпозиумға ӨПА кафедрасынан ҚарМТУ екі баяндамасы ұсынылды (баяндамалар Scopus базасына кіреді), сондай-ақ кафедрада орындалған ғылыми жобаларды ұсынды.
  • «Синергия» Халықаралық жоба шеңберінде ынтымақтастық жалғасуда, профессор Брейдо И.В., профессор Фешин Б.Н., доцент Кочкин А.М. онлайн режимде Балтық мемлекеттік техникалық университетінің «Военмех» (Ресей, Санкт-Петербург қ.), МЭИ (Ресей, Мәскеу) және ОмМТУ (Ресей, Омбы) магистранттарына «Қазіргі заманғы теориялар, автоматтандыру және басқару жүйелерін құру әдістері мен құралдары», «Интеллектуалды жүйелер», «Өндірістік автоматтандырылған кешендерді жобалау негіздері», «АТС жылдамдықты басқарылатын конвейерлік желілер», «Операциялық диспетчерлік басқару жүйесі» пәндері бойынша сабақтар өткізілді.
  • 2018 жылдың мамыр айында Брейдо И.В. халықаралық қатынастарды кеңейту шеңберінде Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университетіне барды, онда Festo (Австрия, Германия) концерн басшысы, доктор Вильфрид Штоль құрметіне салтанатты шаралар өтті. Доктор Вильфрид Штоль мехатроника және автоматтандыру саласында инженерлік білім берудегі желілік интернет-технологияларды дамыту идеологы болып табылады. Оның бастамасымен және оның қолдауымен университеттер аралықтарында қашықтағы Интернет-жобасы «Синергия» ұйымдастырылып, дамып келеді.
  • Жобаның шеңберінде 2018 жылдың 5-17 сәуір аралығында кафедраның магистранттары Абишева Д., Усова Е., Төлеген С., Бабаева М. Вена техникалық университетінде (Австрия, Вена қ.) ғылыми тағылымдамадан өтті.
  • 21-25 мамырда ӨПА кафедрасын ҚарМТУ жобаны дамыту шеңберінде профессор Б.Каталинич (Австрия, Вена қ., Вена техникалық университеті), профессор Л.Остоич (Мастар қ., Босния және Герцеговина), профессор А.Углесич (Задар университеті, Хорватия), С.М. Стажков (ВОЕНМЕХ, Ресей, Санкт-Петербург қ.) болды. Сапардың мақсаты Қазақстан жоғарғы оқу орындарын СИНЕРГИЯ бағдарламасына кіруіне дайын екендігін анықтау болды.
  • Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Усть-Каменогорск қ.) 25-25 мамыр, 21 мамыр ҚарМИУ (Теміртау қ.) аралығында тексеріс жүргізді.

Сапардың қорытындысы бойынша осы университеттерге СИНЕРГИЯ жобасына кіру тәртібін енгізу туралы шешім қабылданды.

  • 2018 жылдың 23 мамырында профессор Б.Каталинич (Австрия, Вена қ., Вена техникалық университеті) ҚарМТУ ӨПА кафедрасының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және оқытушыларына дәріс оқыды.
  • Профессор Брейдо И.В. «EnergyWeb and Information Technologies» журналының арнайы сұрақтары бойынша редакторы. Журнал Еуропада жарияланады және Scopus халықаралық базасына кіреді.

 

  1. 2017-2018 оқу жылының бір семестр бойы Зиядаев М.Е., Абсултан Ж.Б. магистранттары Мәскеу қаласындағы Мәскеу энергетикалық институтында «Техникалық жүйеде басқару» мамандығы бойынша оқыды.
  2. 2017-2018 оқу жылының бір семестр бойы Бекайдар Ә.Ә., Жабатай А.Е., Куржикенов Ж.Б., Серік І.Б., Қасым О.Ж магистранттары Екатеринбург қаласындағы Урал Федералдық университетінде «Электртехника және электр энергетика» мамандығы бойынша оқыды.
  3. ҚарМТУ ӨПА кафедрасының 5В070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығының түлектері Котов М., Гущенская О., Мажитов Р.В. 2016-2018 оқу жылының аралығында қос диплом алу бағдарламасы (бір жағынан ҚарМТУ 6М070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығының «Роботты техника. Басқару жүйелері» оқыту бағдарламасы, екінші жағынан  Санкт-Петербург қаласындағы НИУ ИТМО ғылыми-педагогикалық оқыту бағдарламасының «Электр техника және электр энергетика» мамандығы) бойынша оқып жатыр. Магистранттар 2018ж қантардында ҚарМТУ-ды аяқтап диссертацияларын қорғады. НИУ ИТМО университетінде Санкт-Петербурге қаласында 2018ж. шілде айында осы магистранттардың диссертацияларын қорғауы болады  (ҚарМТУ МАК мүшелері үшін СИНЕРГИЯ халықаралық оқыту бағдарламасының жабдықтарын қолдану арқылы  желілік on-line режимінде өтеді).
  4. ҚарМТУ ӨПА кафедрасының 5В070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығының түлектері Лапин И., Ермолин Р., Бабаева М., Абишева Д., Әкімбай Раби. 2017-2019 оқу жылының аралығында қос диплом алу бағдарламасы (бір жағынан ҚарМТУ 6М070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығының «Роботты техника. Басқару жүйелері» оқыту бағдарламасы, екінші жағынан  Санкт-Петербург қаласындағы НИУ ИТМО ғылыми-педагогикалық оқыту бағдарламасының «Электр техника және электр энергетика» мамандығы) бойынша оқып жатыр. Магистранттардың диссертациясының қорғауы НИУ ИТМО университетінде Санкт-Петербурге қаласында 2019ж. шілде айында, ҚарМТУ МАК мүшелері үшін СИНЕРГИЯ халықаралық оқыту бағдарламасының жабдықтарын қолдану арқылы  желілік on-line режимінде өтеді.
  5. Мамыр айында Омбы мемлекеттік техникалық университетінің қамқорлығымен «СИНЕРГИЯ» қашықтан оқыту халықаралық желісі бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттарға арналған «АМИТ» халықаралық онлайн-конференциясы жыл сайын өткізіледі. Ұйымдастыру комитетінің мүшесі ӨПА кафедрасының кафедра меңгерушісі  Брейдо И.В. Конференция 2018ж. 15-16 мамыр аралығында өтті.
  6. АУМ-16-3 тобының магистранты Охапова Ш. ғылыми грант шеңберінде Швецияның Лилеу университетінде оқыды.
  7. Жыл сайын кафедра ПОҚ Siemens фирмасының шақыруымен семинарларға қатысады (Алматы қаласы).
  8. «Synergy» (МЭИ, БГТУ, ОмМТУ, СевҰТУ, концерн Festo) халықаралық жобасына бірлесіп қатысу жалғасып жатыр. Осы жоба рамкасында Брейдо И.В. Омск қаласындағы семинар-кеңесте болды, 2 магистрант ОмМТУ сынақ мерзімінен өтті. 2012 ж. тәжірибе ретінде қараша-желтоқсан айларында сессия өткізілді және жоба аясында әр ЖОО-қатысушы дәрістер оқыды. ТПУ 2 магситрант сынақ өтті, ОмГТУ 8 магситрант, ДонГТУ-2. Магистранттар Скублин В. және Авилов И.  ҚарМТУ және екі дипломмен білім беру программасымен ТПУ-да оқиды. УШОС аясында күзде 2 магистрант МЭИ-де оқыды, және 1 магистрант УрФУ оқыды. Берілген квотаға сай МЭИ –де оқу үшін 2 магистранттарға тапсырыстар берілді.
  9. Кафедра ПОҚ және студенттері Екінші халықаралық Интернет – ОмМТУ базасындағы конференцияға қатысты.
  10. УШОС рамкасында Новосибирск мемлекеттік техникалық университетімен; И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетімен; академик М. Осими атындағы Тәжік техникалық университетімен келісім – шарт жасалған.
  11. МЭИ – ға және УрФУ – ға екі магистранттан УШОС программасымен 2 тапсырыс берілген.
  12. Казахмыс корпорация тапсырысымен 5 дипломдық жоба орындалған.
  13. НПО «Казчерметавтоматика» базасында кафедра филиалы құрылған және жұмысшы мамандығы бойынша оқыту жүргізілген. НПО қызметкерлері оқу процесіне қатысады.
  14. «Углесервис» кәсіпорын қызметкерлер жетекшілігімен – кафедрада қосымша қызмет көрсету, 15 диплом жасалған. Қызметкерлер оқу процесіне қатысады.
  15. Қазақстан және Россия (Алматы қаласы, Новосибирск қаласы) ізденушілерінің диссертация авторефераттарына Торайғыров атындағы ПМУ оқытушыларына жетекші ұйымдармен 5 пікір дайындалған.
  16. «Элат» фирмасымен Шұбаркөл разрезі үшін жоғарғы вольтті ішкі станция жұмысының бақылау режимдерін автоматтандыру жүйесі жасалған.
  17. «TREI»; «Темир»; «Енгiзу»; «РВСА»; «Казпромавтоматика»; «Мунайинжиниринг» мкемелерінде студенттер практика өткен.
  18. ТПУ – мен «Электр энергетика» және «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша екі дипломды білім беру келісім-шарты жасалған.
  19. Кафедра жыл сайын ДГТУ өткізілетін конференцияларға қатысады.
  20. АУЭС және КГИУ қызметкерлері магистірлік диссертацияларды оппонирледі.
  21. «Электр энергетика» және «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша ТПУ магистратурасына кафедраның түлектерін қабылдау ұйымдастырылған.

 

Ынтымақтастық туралы келісімдердің нәтижелері

 

Брейдо И.В. Мәскеу энергетикалық институты, Балтық мемлекеттік техникалық университеті, Омбы мемлекеттік техникалық университеті және Севастополь ұлттық техникалық университеті кафедраларының меңгерушілерімен бірлесіп «Синергия» халықаралық жобасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері ОҚМУ базасында өткен Бірінші халықаралық интернет-конференцияға қатысты.

 

Кафедра халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда, Мәскеу энергетикалық институтымен, Балтық мемлекеттік техникалық университетімен (Санкт-Петербург), Омбы мемлекеттік техникалық университетімен және Севастополь ұлттық техникалық университетімен (Festo group, Австрия, Германия) ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдарға қол қойды, Festo-Almaty компаниясының филиалымен, Baumann.KZ фирмасымен (Ресей-Қазақстан).

 

Синергия халықаралық білім беру жобасына «Военмех» Балтық мемлекеттік техникалық университеті, Мәскеу энергетика институты (Техникалық университеті), Омбы мемлекеттік техникалық университеті, Севастополь ұлттық техникалық университеті және TCI компаниясы (Festo Group, Австрия, Германия) бөлімдерімен бірге кафедра қатысады. Жобаның мақсаты университеттердің мехатроника зертханаларын интернетте біріктіру және бірлескен зертханалар мен бірлескен ғылыми-педагогикалық ұжым негізінде интеграцияланған білім беру кешенін құру болып табылады. Бірыңғай ақпараттық платформа университеттердің үздік оқу материалдарына негізделген кешенді оқу бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Академиялық мобильділік

Қызметтестік жайлы келісімшарттарға сәйкес:
1. Кафедра магистранттары Ламзин Д., Ахметов Б., Дружинин В., Байбабин Т., Тохметова К., Омаров А. семестр бойы Шанхай Қызметтестік Ұйымы Университетінде (МЭИ, Мәскеу қ.) оқудан өтті;
2. Магистрант Нурмаганбетова Г. Ельцин Б.Н. атындағы УРФУ-де (Екатеринбург қ.) ШҚҰУ желісі бойынша білім алды;
3. «Екі дипломдық білім беру» бағдарламасы шеңберінде Авилов И., Скублин В., Нысанбаева М., Омаров А. магистранттарын ТПУ-де (Томск қ.) және ҚарМТУ-да (Қарағанды қ.) оқыту ұйымдастырылған;
4. «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 3 курс студенті Сейдигазимов Ш. ERASMUS MUNDUS Халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша Чехия техникалық университетінің (Чехия, Прага қ.) «Электроэнергетика» (Electrical Engineering) мамандығына түсті;
5. «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 3 курс студенті Жакан Ж. (09.2012- 09.2013 жж. аралығында ЭТАИ кәсіптік бюросының төрайымы) VŠB-Technical University of Ostrava (Чехия, Острава қ.) Electrical Engineering and Computer Sc факультетінде білім алды;
6. «Автоматтандыру және басқару» мамандығының екі студенті семестр барысында ҚазҰТУ-да (Алматы қ.), «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 9 студенті және «Электроэнергетика» мамандығының 11 студенті ҚарМИУ-де (Теміртау қ.) білім алды;
7. Кафедрада магистранттар мен оқытушылардың академиялық мобильділігінің интернет-технологиясы жүзеге асырылған. Жетекші оқытушылар Мәскеу энергетикалық институтының (МЭИ) магистранттарына семестрлік дәріс курстерін оқиды, өз кезектерінде МЭИ және ОмМТУ-дың жетекші оқытушылары ҚарМТУ магистранттарына дәріс курстерін оқиды.

Оқытушылардың сыртқы мобильділігі

Кафедраның 6 оқытушысы академиялық мобильділіктің әртүрлі бағдарламаларына қатысты. ШҚҰУ бағдарламасы бойынша — проф. Брейдо И.В. МЭИ-де (Мәскеу) және Смағұлова Қ.Қ. ОмМТУ-де (Омск). Синергия бағдарламасы бойынша — проф. Брейдо И.В., проф. Фешин Б.Н., аға оқытушылар Марквардт Р.В. және Шпакова Л.Г., оқытушы Котов Е.С.

ӨПА кафедрасына дәрістерді оқу және докторлық диссертацияға оппонент болу мақсатымен 9 шет ел ғалымдары келді (Ресей, Германия).
ӨПА кафедрасының академиялық айырбас бағдарламаларына қатысты білім алушыларының жалпы саны 46 адамды құрайды, бұл жалпы білім алушылардың 8%-на сәйкес келеді.
Магистранттардың 100%-ы шет елдерде білім алды.

ӨПА кафедрасының академиялық айырбас бағдарламаларына қатысқан КБҚ жалпы саны  22%-ды құрайды (6 оқытушы).

ӨПА кафедрасының магистранттары ОмМТУ-да


ӨПА кафедрасының шақырылған шетелдік ғалымдар тізімі

 

№ пп Шетелдік ғалымның
аты-ж
өні
Ғылыми дәрежесі Жұмыс орны Болу мерзімі Қызмет түрі
1 Леонов Сергей Владимирович т.ғ.к., доцент Интеграцияланған компьютерлік басқару жүйелері кафедрасының доценті, Кибернетика институты оқу бөлімінің бастығы, Томск қ. мамыр-маусым 2012ж. дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
2 Нейдорф Рудольф Анатольевич т.ғ.д., профессор Дон МТУ, есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелердің бағдарламалық қамсыздануы кафедрасының меңгерушісі (Ростов-на-Дону) қыркүйек-қазан 2012ж. дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
3 Завьялов В.М. КузМТУ –ның Энергетика институтының

директоры

КузМТУ –ның Энергетика институтының

директоры

 20 және 21 маусым  аралығы 2013 ж. дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
4 Лукас Вильмар

Адольфович

Инженерия докторы, профессор Берлин техникалық университетінің  инженерия докторы, профессоры (Германия) 03.10.13ж. және 18.10.13ж. аралығы дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
5 Лукас Вильмар

Адольфович

Инженерия докторы, профессор Берлин техникалық университетінің  инженерия докторы, профессоры (Германия) 05.10.14ж. және 20.10.14ж. аралығы дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
6 Каталинич Бранко т.ғ.д., профессор Вена техникалық университетінің т.ғ.д., профессоры (Австрия) 10.12.2014ж.

және 22.12.2014ж. аралығы

дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
7 Наков Огнян PhD докторы,

профессор

София техникалық университетінің PhD докторы, профессоры (Болгария) 28.11.2014ж. және 04.12.2014ж.

аралығы

дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
8 Стажков С.М. доктор, профессор Балтық мемлекеттік техникалық университетінің докторы, профессор 10.12.2014ж. және 22.12.2014ж. аралығы дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
9 Юрченко А.В. т.ғ.д., профессор Томск

Политехникалық университетінің т.ғ.д., профессор

4.11.15ж. және  22.11.15ж. аралығы дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
10 Ипатов Олег Сергеевич т.ғ.д., профессор Санкт-Петербург политехникалық университетінің т.ғ.д., профессор 06.12.2015ж. және 12.12.2015ж. аралығы дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
11 Каталинич Бранко т.ғ.д., профессор Вена техникалық университетінің т.ғ.д., профессоры (Австрия) 06.12.2015 ж. және 12.12.2015ж.

аралығы

дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
12 Петров Сергей Семенович т.ғ.к. Т.ғ.к., «Schneider Electric» эксперті 07.12.2015ж.

және 11.12.2015ж. аралығы

дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
13 Стажков С.М. доктор, профессор Балтық мемлекеттік техникалық университетінің докторы, профессор 07.12.2015ж. және  11.12.2015ж. аралығы дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
14 Хомченко В.Г. т.ғ.д., профессор Омск мемлекеттік техникалық университетінің т.ғ.д., профессоры 12.11.2015ж. және 20.11.2015ж. аралығы дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
15 Лукас Вильмар

Адольфович

Инженерия докторы, профессор Берлин техникалық университетінің  инженерия докторы, профессоры (Германия) 13.10.2015ж. және 23.10.2015ж. аралығы дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу
16 Ладыгин А.Н. профессор ҒЗИ Мәскеу энергетикалық институнінің профессоры 20.12.2015ж. және 26.10.2015ж. аралығы дәрістер оқу, магистранттар мен докторантарға консультация өткізу

ӨПА кафедрасымен Берлин техникалық университетінің профессоры Лукас Вильмар Адольфович шақырылды, ол 2011 жылдың 20 қарашасынан 2011 жылдың 27 қарашасына дейін Қазақстан тау-кең металлургиялық кешені: инновацияны дамыту проблемалары және перспективалары халықаралық практикалық конференциясына қатысады. “Автоматтандырудың қазіргі заманғы тенденциялары” цикл лекциясын оқиды және қызметкерлер мен магистранттарға, студенттерге және ҚарМТУ-дың профессорлы-оқытушылар құрамына мастер-класс өткізеді.



Қоғамдық және халықаралық байланыстар:

Кафедраның қоғамдық және халықаралық байланыстарының даму бағыты ӨПА кафедрасының бітірушілерінің ассоциациясымен алғашында құрылған, және де жақын және алыс шет елдерінде тұратын кафедра бітірушілері мен жұмыскерлерімен қазір де байланыстары бар.

Кафедра қатысады:

—         ТМД елдерінің ЖОО-ның «Синергия» консорциумының халықаралық жобасында;

—         ШУҰБ (Шанхай университет ұйымының бірлестігі) мүшелігіне кіреді;

—         DAAAM INTERNATIONAL-на (Мехатроника бойынша халықаралық ұйым, Брейдо И.В қазақстан филиалының президенті) қатысады;

—          Тұрақты түрде оқутышылар мен магистранттардың  шетелдік тәжірибе алу жүргізіледі.

Болашақта әрі қарай ТМД елдеріндегі ЖОО-ғы ұқсас кафедралармен терең байланысқа түсуде, тау-кен жұмысында электромеханика және автоматика  бойынша УМС-ке, Ресейдегі тау-кен инженерлері мен ғылыми кадрлар корпустарының құрылуы Ұлттық  центр аумағында тау-кен білім беру бойынша Ресей Федерациясының ЖОО-ның оқу-әдістемелік бірлестігіне қатысу, ондағы ассоцацияланған мүшесі ҚарМТУ болып табылады.

 

Без рубрики