Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған форум


2024 жылғы 5 желтоқсанда «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ акт залында 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған Форум өтті.

Форумда студенттерге сыбайлас жемқорлықты анықтау тақырыбы және орын алған жағдайда жүгіну кезіндегі барлық мүмкіндіктер айқындалды.

Форумның мақсаты — қоғамның иглігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін сыбайлас жемқорлық болып табылатын қауіп туралы білімі бар тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді тарту.

Жастар алдында сарапшылар ретінде әкімдіктің, прокуратураның, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің, облыстың ардагерлер және басқа да ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.

Бұл іс-шара жастардың сыбайлас жемқорлық туралы түсінігін толықтырады және осы құбылысқа теріс көзқарасты қалыптастырады, құқықтық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды дамытады, сондай-ақ құқықтық мәдениет деңгейін арттырады

Без рубрики