Халықаралық студенттік семинарлар Флоренцияда!


Шығыс-еуропа университеттерінің ассоциациясы  серіктесі- Ромуальдо Дель Бьянко қоры, Флоренция, Италия- ұсынады.

Ромуальдо Дель Бьянко қоры, Флоренция, Италия, 20 жылдан астам уақыт бойы  әр түрлі аймақтарға тән мәдени  айтылымдар туралы танымдарын арттыру, мәдени әртүрлілікке, осыған орай, халықаралық тілдесімге халықаралық қоғамдастық көңілін аудару мақсатында 78 мемлекетте 500-ден астам мекемелермен ынтымақтастықта.
Фонд өзінің Халықаралық тілдесім бағдарламасының шеңберінде  жыл сайын әр түрлі тақырыптарда студенттерге Қайта өрлеу дәіріндегі Флоренция мәтінінде  идеяларымен, мәдени және ғылыми қөзқарастарымен және жеке әлеуметтік тәжірибелерімен алмасуға, кәсіби тор мен өмір бойына достық қатынас құру арқылы  бір-бірінің мәдениетін тануға, сол арқылы халықаралық тілдесім мен әлемдегі ынтымақтастыққа үлесін қосуға мүмкіндік беретін   жоғары  мәдениетаралық  және халықаралық  кездесулер түріндегі  студенттік семинарлар өткізеді.
Сізді Қордың студенттік семинарларының халықаралық  көңіл-күйін сезінуге және Қор ұйымдастырған бір немесе бірнеше семинарға қатысуға шақыруға қуаныштымыз! Семинарлардың ұзақтығы 1 апта. Мына сілтеме бойынша  2015 жылдың барлық семинарлар тізімімен таныса аласыз.
Назар аударыңыздар: 9-16 қараша аралығында семинарлар  Florence Youth & Heritage Festival жастар іс-шарасының  шеңберінде, Қордың Бас  Ассамблеямен және ИКОМОС 2014 «Мұра мен ландшафт жалпы адамдық құндылық ретінде» Симпозиумының ұйымдастыруымен  өтеді. Сондықтан, студенттер  әлемнің түкпір- түкпірінен келген Мұра, Сақтау, Сәулет, Өнертану, Табиғи мұра, Адам құқығы және Даму салаларының  жоғары деңгейдегі эксперттерімен, зерттеушілерімен және профессорларымен тілдесу мүмкіндігін алады.
1) Value education for Culture and Human Development: from India to the world

Семинар үйлестірушісі: Алеся Ковш (Life Beyond Tourism®, Италия), Проф. Татьяна Яковчиц (Беларусь мемлекеттік экономикалық университеті)

2) The IXth Workshop «Famous People, Places and Monuments in Florence –Project of Heritage Dictionary»

Семинар үйлестірушісі: Проф. Др. Ольга М. Карпова (Иванов мемлекеттік университеті,Ресей)

3) Churches in the architecture of Florence

Семинар үйлестірушісі: Проф. Сабина Хажиева  және проф. Захида Маммадова (Азербайджан сәулет және құрылыс университеті, Азербайджан)

4) «Natural stone in the architecture of the Florentine palazzos»

Семинар үйлестірушісі: проф. Эмма Харутуюныян (Армения ұлтық сәулет және құрылыс университеті, Армения)

5) Middle ages and antiquity in the architecture of Florence in XII-XVI centuries

Семинар үйлестірушісі: проф. Валентина Серебряная (Волгоград мемлекеттік  сәулет және құрылыс университеті, Ресей)

6) The Internet of Places days (much better than a hackathon!)

Семинар үйлестірушісі: Патрик Хоган (NASA World Wind, Жоба менеджері, АҚШ); Мария Антония Бровелли (Милан политехникалық унивенрситеті, Polo Territoriale di Como, Италия); Джорджо Замбони (Муниципалитет Комо, Италия); Джузеппе Конти (Trilogis, Жоба менеджері, Италия)

7) Colors in Fashion based on Five Senses

Семинар үйлестірушісі: Нана Иашвили (Тбилис мемлекеттік бейнелеу өнері академиясы, Грузия)

8) Costume Colloquium IV: Colors in Fashion (PhD Workshop)

Семинар үйлестірушісі: Жильон Каррара (Чикаг Өнер  Институты, АҚШ); Нана Иашвили (Тбилис мемлекеттік бейнелеу өнері академиясы, Грузия)

Сонымен қатар, Қордың 2015 жылғы бағдарламасына кіретін  жаңа халықаралық студенттік семинар ұсынуға болады. Мына сілтеме бойынша халықаралық семинар өткізуге өтініш және Жоба үйлестірушісіне жетекшілік жүктеуге болады.

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық байланыс бөліміне хабарласыңыз: Бас ғимарат, 309а бөлме.

 

Без рубрики