Халықаралық олимпиада: Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері 3-орынды иеленді


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің командасы Новосибирск қаласында өткен геодезия бойынша халықаралық студенттік олимпиадаға қатысты.

Зияткерлік жарыс аясында түрлі конкурстар өтті, олардың бірінде техникалық ЖОО студенттері 3-орын алды.

Команда құрамында Владимир Касаткин – капитан, Амина Галымова, Карина Галиуллина, Диляра Ахметбекова және Асылайым Тлеуқабыл өнер көрсетті.

Олимпиадаға қарағандылықтардан басқа Мәскеу, Санкт-Петербург, Тюмень, Иркутск, Семей, Омбы, Новосибирск командалары қатысты.

Без рубрики