ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ: ПІКІР АЛМАСУ


Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияда қазіргі орыс тілінің жағдайы мен даму тенденцияларының өзекті мәселелері талқыланды. Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері мен магистранттары баяндама жасады.

«Қазіргі әлемдегі Орыс тілі: проблемалары мен болашағы» тақырыбында кездесуді «Орынбор мемлекеттік медицина университеті» ФМБ ЖБМ орыс тілі кафедрасы ұйымдастырды. Кездесуге қатысушылар бірыңғай білім беру стандартын енгізу, оқу орындарын орыс тілі оқытушыларымен қамтамасыз ету, материалдық және инфрақұрылымдық ресурстарды пайдалану мәселелерін қарады.

Конференция соңында оның қатысушылары сертификаттар алды.

Без рубрики