Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 2014 жылы тамыздың 26-29 аралығында халықаралық аккредетация шеңберінде «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша (бакалавриат, магистратура) ASIIN сыртқы эксперттік комиссиясы жұмыс істейді.
ASIIN — бұл инженерия, информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика бағдарламалары бойынша беделді еуропалық агенттік. ҚарМТУ-да ASIIN эксперттері 15 мамандық бойынша білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредетациясын өткізеді.