Хабарландыру


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы кафедра меңгерушілерінің бос лауазымдарына конкурс жариялайды:

  1. «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісі;
  2. «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасының меңгерушісі.

Кафедра меңгерушісі лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • ЖОО-да немесе мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
  2. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
  3. жоғары білімі, академиялық және/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атақ беру туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын электрондық үзінді көшірме;
  5. біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  6. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
  7. құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген №075 нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
  8. психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген анықтамалар;
  9. адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  10. тұлғаның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  11. кафедраны дамытудың перспективалық жоспары (презентация — 5 слайдтан артық емес).

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекен-жайға тапсыру қажет: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, 250 каб., тел. 56-73-96, +77715558828.

Без рубрики