ХАБАРЛАНДЫРУ


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы факультет декандары мен кафедра меңгерушілерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Сәулет-құрылыс факультетінің деканы;
  2. Жол-көлік факультетінің деканы;
  3. «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі;
  4. «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі;
  5. «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі;
  6. «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісі;
  7. «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі;
  8. «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының меңгерушісі;
  9. «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының меңгерушісі;
  10. «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі;
  11. «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасының меңгерушісі.

Факультет декандары лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

  • жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым докторы, ғылым кандидаты немесе PhD философия докторы дәрежесінің болуы;
  • ЖОО-да немесе мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл;
  • ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент саласында және университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Кафедра меңгерушісі лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: 

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • ЖОО-да немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
  2. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
  3. жоғары білімі, академиялық және/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атақтың берілгендігі туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын электрондық үзінді көшірме;
  5. біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  6. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
  7. құжаттарұсынылғанкүнгедейіналтыайданаспайтын мерзімде берілген№075нысанбойыншаденсаулықжағдайытуралымедициналықанықтама;
  8. құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан анықтамалар;
  9. тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  10. тұлғаның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  11. факультетті/кафедраны дамытудың перспективалық жоспары (презентация — 5 слайдтан аспайтын).

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 

Құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекенжайға тапсыру қажет: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, каб.250, тел. 56-73-96, +77715558828.

Без рубрики