«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы факультет декандарының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
- Тау-кен факультетінің деканы;
- Машина жасау факультетінің деканы;
- Энергетика, автоматика және телебайланыс факультетінің деканы;
- Сәулет-құрылыс факультетінің деканы;
- Жол-көлік факультетінің деканы;
- Инновациялық технологиялар факультетінің деканы.
Тау-кен факультетінің, машина жасау факультетінің, энергетика, автоматика және телебайланыс факультетінің, сәулет-құрылыс факультетінің, жол-көлік факультетінің декандары лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
- жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым докторы, ғылым кандидаты немесе философия докторы PhD дәрежесінің болуы;
- ЖОО-да немесе мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл;
- ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент саласында және университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болғаны жөн.
Инновациялық технологиялар факультетінің деканы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
- жоғары және / немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- ЖОО-да немесе мамандығы бойынша, ақпараттық технологиялар саласында ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болғаны жөн, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл;
- менеджмент саласында және университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болғаны жөн.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
- жоғары білімі, академиялық және/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атақ беру туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын электрондық үзінді көшірме;
- біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
- құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген №075 нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген анықтамалар;
- тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- тұлғаның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- факультетті дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекенжайға тапсыру қажет: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, 250-каб., тел. 56-73-96, +77715558828.