Хабарландыру


100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56 мекенжайында орналасқан «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректорының бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды.

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, білім беру ұйымдарында және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органда басшылық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  1. жиырма бес жастан кіші;

  2. бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

  3. өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

  4. медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;

  2. Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  3. белгіленген нысандағы 3х4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар конкурс қатысушысының қызметтік тізімі;

  4. жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;

  5. білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының салыстырып тексеру үшін, түпнұсқаларын ұсына отырып, көшірмелері:

    • «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолданысына енетін Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі;

    • «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

    • өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолданысына енетін білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

  6. жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды ұсынған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

  8. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген психонервологиялық ұйымнан анықтама;

  9. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

  10. қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне ұсыну қажет (643-каб.), телефон: 8 (7172) 74-24-26, 74-27-25.

Без рубрики