Халықаралық байланыс бөлімі Градец Карлова Университетінде (Чехия) https://www.uhk.cz/en-GB/UHK және Пекин Политехникалық Университетінде (Қытай) http://english.bit.edu.cn/ академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алу үшін жарыс өткізеді.
2015 ж. 29 мамырға дейін Халықаралық байланыс бөліміне (бас ғимарат, 309а б.) келесі құжаттарды тапсыру керек:
— Транскрипт (орыс және ағылшын тілдерінде);
— ҚарМТУ-да оқу барысындағы белсенді іс-әрекеттері туралы мақтау қағаздарының көшірмесі;
— ғылыми мақалалр мен басылымдардың көшірмесі;
— тілдік сертификаттар;
— факультет деканы және кафедра меңгерушісінен ұсыныс хат (ағылшын және орыс тілдерінде);
— ағылшын тілі деңгейі туралы анықтама (шетел тілдері кафедрасынан алуға болады)
Қосымша ақпарат Халықаралық байланыс бөлімінде (бас ғимарат, 309а б.)