2012 жылдың қараша айының 10-і, сағат 09.00-дан 18.00-ге дейін Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеттің бас ғимаратының 337, 339 аудиторияларында «Қарағанды БҰҰ Моделі» Форумы өтті.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Жас Орда» ҚарМТУ Студенттік ұйымдардың бірлестігі «Жастар саясатындағы инновацтялар» тақырыбына «Қарағанды БҰҰ Моделі» Форумын ұйымдастырды.
БҰҰ Моделі – Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты сессия жұмысын ұқсастыратын ұжымдық рөлдік ойынды көрсететін халықаралық форматындағы жастар конференциясы. Сессияда, БҰҰ қолданатын парламенттік тәртіп ережелер шеңберінде халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері талқыланады. Конференцияның әр қатысушысы мемлекет-БҰҰ мүшесінің өкілетті өкіл рөлінде болып, Модель принциптеріне байланысты Күн тәртібіндегі талқыланатын сұрақ бойынша мемлекеттің позициясын есепке алып, ұсынылатын мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғайды. Әр орган жұмысының нәтижесі – талқыланған мәселені шешу бойынша нұсқаулары бар қорытында құжат-шешім қабылдау болып табылады
Ойынның ғылыми-практикалық конференция мәртебесі бар және ол:
• БҰҰ күн тәртібіндегі өзекті мәселе бойынша делегаттың маңызды дайындығын;
•ұсынылатын БҰҰ мүше-мемлекет ұлттық мүдделердің позициясынан қазіргі халықаралық байланыстардың маңызды сұрақтарды талқылауды;
• БҰҰ шешім талқылау және жазу форматын, тәртіп ережелерін білу;
• пікірлесу, топта жұмыс істеу білу дағдыларын дамыту, сонымен қатар көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибеге ие болу және шешен өнерін жетілдіруді қарастырады.
Осы форумға ЖОО-лар және әр түрлі жастар ұйымдарының өкілдері қатысты: Болашақ, ҚарМУ, КЭУ, Қазақстанның Студенттер Альянсы, «Жас Отан» ЖҚ, ХДП «Нұр Отан», «Жасыл Ел», Студенттік –құрылыс отряды және тіркелу тәртібін өткен оқушылар. Форумға 130-дан аса адам қатысты.