ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОРЫ


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорында  «Сапарларға арналған гранттар» дәстүрлі байқауы басталды. Байқау жеңімпаздарына Қазақстан Республикасында, сондай-ақ шет елдерде жүргізілетін мамандандырылған іс-шараларға қатысуға грант беріледі.

Байқауға қатысуға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар және мәдениет пен өнер қайраткерлері шақырылады.

Қатысу үшін гранттар бөлінеді:

— жас қазақстандық мәдениет пен өнер қайраткерлерінесонымен қатар шығармашылық ұжымдарға фестивальдерге, байқауларға, симпозиумдарға, шеберлік кластарына, биеналға және конференцияларға

— жас ғалымдар мен ЖОО оқытушылары, студенттеріне (магистратура и бакалавриат), ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, PhD докторлары, магистрлер ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарлар мен конгрестерге қатысуға бөлінеді

Өтінім беру мерзімі: 22 қаңтар – 30 қараша 2018ж. Өтінім және байқау ережесі www.fpp.kz. сайтында жарияланған.

Қосымша ақпаратты Ғылым департаментінен (бас корпус, каб. 226, 56-68-22, ішкі нөмір 222)

Гранттарды бөлу ережелері мен қатысуға өтінім:

Без рубрики