2017 жылдың 17-21 сәуірі күндері Мәскеу қаласында МИФИ (Мәскеу инженерлік-физикалық институты) Ұлттық ядролық зерттеу университетінде ҰЯЗУ МИФИ, РҒА П.Н. Лебедев атындағы Физикалық институты және Ресей Фундаментальді Зерттеулер Фонды «ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында VI Халықаралық жастар ғылыми мектеп-конференциясы өткізіледі.
Ғылыми мектептің мақсаты: Жас ғалымдарды, студенттерді, аспиранттарды физика ғылымының заманауи фундаментальді және қолданбалы, ядролық және физикалық технологиялық мәселелерін талқылауға қатыстыру, болашақ зерттеушілерді біліктілігін жетілдіру және жас кадрларды ғылымға тарту.