Еуропалық үлгідегі дипломға қосымша


Халықаралық ашықтықты қамтамасыз етуге және объективті академиялық және біліктіліктің кәсібилігін (диплом, дәреже, сертификат және т.б.) мойындату үшін, сондай-ақ, академиялық ұтқырлық және білім беру бағдарламаларының салыстырымдылығын дамыту мақсатымен Еуропалық комиссия, Еуропа кеңесі және ЮНЕСКО білім беру құжатына қосымша берілетін бірыңғай стандарттық құжат әзірледі. Бұл құжат Diploma Supplement (DS) – Еуропалық үлгідегі дипломға қосымша атауын алды.
Еуропалық үлгідегі дипломға қосымша беру Болон үдерісінің негізгі параметрлерінің бірі болып табылады. Болон үдерісіне қатысушы мемлекеттердің көптеген университеттері өз бітірушілеріне осы құжатты береді. ДЕҚ-ны оқуды жалғастырған жағдайда шетел ЖОО және жұмысқа тұрған жағдайда шетел компаниялары мойындайды. Сонымен қатар Қазақстанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бірінші болып ДЕҚ-ны береді. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ДЕҚ форматы ҚР Банкнот Фабрикасымен әзірленген. Бұл формат бұрмалау және плагиаттан бірнеше қорғану деңгейінен тұрады.
Қосымша 8 міндетті бөлімнен тұрады және ағылшын, қазақ/орыс тілдерінде беріледі.
1. Мамандық иегерінің жеке басы туралы мәлімет
2. Мамандық туралы мәлімет
3. Мамандық деңгейі туралы мәлімет
4. Білім беру мазмұны және алынған қорытынды туралы мәлімет
5. Мамандық қызметтері туралы мәлімет
6. Қосымша мәліметтер
7. Қосымшаны айғақтау
8. Жоғары білімнің ұлттық жүйесі
Үлгі (жүктеу)

ДЕҚ алу үшін Болон үдерісін дамыту жөніндегі басқармасына үлгіні алуға 3 апта бұрын келесі құжаттарды тапсыру керек:
1) Жеке бас куәлігі көшірмесі
2) Диплом көшірмесі
3) Диплом қосымшасының көшірмесі
4) Көрсетілген үлгі бойынша ректордың атына өтініш
5) Толтырылған сауалнама
ДЕҚ-сы Еуропалық үлгідегі дипломға қосымшаны тіркеу журналында бір рет тіркеледі және беріледі. Еуропалық үлгідегі қосымша (Diploma Supplement) тегін негізінде беріледі.
Барлық сұрақтар және ұсыныстармен Болон үдерісін дамыту басқармасына хабарласыңыздар: бас корпус, 335 кабинет.

Без рубрики