ҚЭУ «Достық фестивалі -2018»


2018 жылдың 26 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті негізінде  Қарағанды облысы ЖОО студенттері арасында, достық фестивалі аясында таланттылар  байқауы өткізілді. Байқау «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған. ЖОО аралық студенттік байқаудың өткізілу мақсаты, шығармашылық әлеуметті қалыптастыру және Қарағанды облысы студенттік жастарының мәдени бастамаларын дамыту болып табылады.

Байқаудың қортындысы бойынша  ҚарМТУ студенттері келесі номинацияларда жүлдегер атанды:

  • Вокал-соло: III орын Шыңғыс Молдақаш – ГПР-17-2 тобының студенті;
  • Халық аспаптарында орындау: III орын Асель Халимарденова – ГД-15-5 тобының студенті;
  • Қазіргі заманғы-хореография: I орын «TS CREW» тобы — жетекшісі Сериков Темирлан Ержанович.
Без рубрики