«Есірткісіз әлемге» халықаралық акциясына студенттердің қатысуы


2017 жылы 19 сәуірде ҚарМТУ студенттері «Есірткісіз әлемге» атты халықаралық акциясына қатысты. Акция Қазақстанның барлық аймақтарында бір мезгілде өткізілді. Сондай-ақ, бұндай акциялар Шанхай ұйымы бірлестіктерінін барлық мемлекеттірінде өткізілмек.

Акцияның өткізілуі 2016 жылдың маусым айында ШОС мүшелері мемлекет басшысының отырысында мемлекет президентінің ұсынысымен айтыла кеткен.

Акцияның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында есірткінің алдын алып, салауатты өмір салтын насихаттау.

ҚарМТУ студенттері акция аясында флэшмоб көмегімен жастарға есірткіні пайдаланудағы жағымсыз зардаптарын ашық, әрі көрнекті етіп сондай-ақ, мұндай адамдардың трагедиялық өмірін көрсетті.

Сондай-ақ, іс-шара аясында этномәдени бірлестіктердің  өкілдері мен басқа да шығармашылық ұжымдар, Спецназдың қойылымы көрсетілді.

Без рубрики