Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің өкілдерімен кездесу


2022 жылғы 7-8 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің бас корпусында студенттер есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің өкілдерімен кездесті. Департаменттің жедел қызметкері Кирилл Корниенко синтетикалық есірткілерді, есірткі құралдарын және психобелсенді заттарды қолдану мен таратудың ауыр зардаптары туралы айтып берді, олар ағза функцияларының орны толмас бұзылуына ғана емес, ауыр психикалық бұзылуларға, мидың зақымдануына әкеп соқтырады, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Сондай-ақ студенттерді есірткінің заңсыз айналымына тартудың құқықтық салдары туралы ескертті.

Без рубрики