«Ешкім де, ештене де ұмытылмайды»


20 сәуір 2017 жылы сағат 17.00-де «Жастар Әлемі» Жастар Сарайында «Ешкім де, ештене де ұмытылмайды» атты Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.

Концерттік бағдарлама Университет шығармашылық үйірмелері қатысушыларының көмегімен ұйымдастырылды.

— «Эксклюзив» би ансамблі «Гәкку» және «Турецкая дабка» биімен ортаға шықты;

— Нығыжан Нұрдаулет «Журавли», «Арыстың жағасында» әндерін шырқады;

— Аспаптық үйірмесімен бірігіп әнші Тутаев Дәурен «Кукушка» композициясын орындады;

— Карибаев Айсұлтан авторлық туындысын оқыды;

— Тутаев Дәурен «День победы» әнін шырқады.

Концертке қонақтар мен Университет студенттерінен 100 шақты адам қатысты.

Без рубрики