ERASMUS + БАҒДАРЛАМАСЫ ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 2023 жылғы 18-23 қыркүйек аралығында Erasmus+ Teaching Mobility бағдарламасы аясында Познань политехникалық университетінің профессоры Варгула Лукас (Познань қ., Польша) жұмыс істеді. Профессор «Технологиялық машиналар, жабдықтар және стандартизация» кафедрасының білім алушыларына бірқатар дәрістер өткізді, ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілді. Болашақта осы екі университет арасынлда ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда.

Erasmus + бағдарламасы — қатысушы елдердің жоғары оқу орындары студенттері мен оқытушылары арасында алмасу бойынша Еуропалық одақ құрған стипендиялық бағдарлама. Бағдарламаны Еуропаның 30-дан астам елі қолдайды. Эразмус бағдарламаға қатысатын кез-келген елде кәсіпорында оқуға, сабақ беруге немесе тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.

Без рубрики