Erasmus + бағдарламасы аясындағы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ мен Житомир мемлекеттік технологиялық университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық


Erasmus + бағдарламасы аясында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ мен Житомир мемлекеттік технологиялық университеті арасында келісім жасалды.

«Master Program in Eco-Mining Engineering and Innovative Natural Recourses Management» жобасы бойынша «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Eco-Mining Engineering» бірлескен білім беру модулі үшін пәндер кешенін әзірлейтін болады.

Жобаның мақсаты табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы экологиялық, экономикалық және басқарушылық жетістіктер саласында жаңа буын мамандарын даярлау үшін серіктестер мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық арқылы тау-кен жұмыстарын іске асырудың тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыру болып табылады.

Жоба орнықты дамудың ағымдағы сын-тегеуріндері мен нарық қажеттіліктеріне жауап ретінде іске асырылуда және болашақ сарапшылардың пәнаралық ашықтығын, әлеуетті экологиялық тәуекелдерді модельдеу және бағалау құралдарын пайдалана отырып, оларды біздің қарқынды дамып келе жатқан әлемде жұмсарта отырып, технологиялық проблемаларды жүйелі және терең түсіну қабілетін дамытуға бағытталған.

Erasmus + бағдарламасы осы жоба шеңберінде Қазақстанға, Украинаға және Өзбекстанға Еуроодақ елдерінің тұрақты экологиялық тау-кен инжинирингі саласындағы заманауи технологиялық, экономикалық және экологиялық стандарттарын беруді қолдайды.

Жобаға қатысушылар:

  • үйлестіруші – Житомир мемлекеттік политехникалық университеті (Украина);
  • Фрайберг тау-кен академиясы (Германия);
  • Universidad de Jaen (Испания);
  • Kutahya Dumlupinar Universitesi (Түркия);
  • Днепропетровс технологиялық университеті (Украина);
  • Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қазақстан);
  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Қазақстан);
  • Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті (Өзбекстан);
  • Науаи мемлекеттік тау-кен-технологиялық университеті (Өзбекстан).

 

Без рубрики