ҚарМТУ 60-жылдығына арналған


ЕРАМ Systems – 2013 ақпараттық технологиялар бойынша ЖОО-ішкі сұрақ-жауап сайысы жөнінде ЕРЕЖЕ

 

Сұрақ-жауап сайысының мақсаттары мен міндеттері

Жаңа ақпараттық технологиялар енгізумен байланысты тапсырмаларды шешуге сәйкес дағдылары мен білімдері бар ең дарында жастарды анықтау.

Студенттердің логикалық, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, бағдарламалау саласында бейстандарт тапсырмаларды шешуге қызығушылықты ояту, бағдарламалық кешендер мен web-қосымшаларды құру.

 

Сұрақ-жауап сайысының ұйымдастырушылары

ЖШС «ПЛЮСМИКРО» ҚР-дағы Құзырет орталығы ЕРАМ Systems,

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (АҚ кафедрасы).

 

Демеушілер

ЖШС «ПЛЮСМИКРО» ҚР-дағы Құзырет орталығы ЕРАМ Systems.

 

Сұрақ-жауап сайысының қатысушылар

ҚарМТУ  60-жылдығына арналған ЕРАМ Systems – 2013 сұрақ-жауап сайысына ҚарМТУ-дың 1-4  курс студенттері және магистранттары қатыса алады.

 

Сұрақ-жауап сайысын басқару

Сұрақ-жауап сайысын басқару ұйымдастыру комитетімен жүзеге асырылады.

Ұйымдастыру комитетінің функциялары:

—        сұрақ-жауап сайысын өткізу орнын және нақты мерзімдерін белгілеу;

—        сұрақ-жауап сайысын өткізу   және дайындау бойынша жұмыс жоспарын құру;

—        қорытындылау және қазылар алқасы шешімі негізінде жеңімпаздарды марапаттау ;

—        материал және сұрақ-жауап сайысының қорытындыларын жариялауға дайындау;

—        сұрақ-жауап сайысын өткізу жөнінде есеп құру.

 

Сұрақ-жауап сайысының тапсырмаларын тексеру үшін қазылар алқасы тағайындалады.

Қазылар алқасы мүшелігіне сұрақ-жауап сайысының қорытындысында қызығушылығы жоқ, компьютер технологиялары мен ақпараттанудан ЖОО тәжірибелі оқытушылары және сұрақ-жауап сайысының компания-ұйымдастырушыларының өкілдері кіреді.

 

 

 

Қазылар алқасының функциялары:

—          Сұрақ-жауап сайысының сұрақтар мен тапсырмаларын құру;

—          Сұрақ-жауап сайысының қатысушылар жұмыстарын тексеру және бағалау.

Қатысушыларға бағдарламалау бойынша тапсырмалар, сонымен қатар АТ саласында сұрақтарға жауап беру керек. Тапсырмаларды орындау бойынша барлық шарттар сұрақ-жауап сайыстың ережелерінде бекітілген.

 

Сұрақ-жауап сайысын өткізу мерзімдері

26.03.2013 ж. — 4.04.2013 ж. : Тіркеу, ҚарМТУ АҚ кафедрасы,408а. бас ғимарат

5.04.2013 ж.: Жарысу.

5.04.2013 ж. – 9.04.2013 г. : Жұмыстарды бағалау. Қорытындылау

10.04.2013 ж.: Апелляция.

12.04.2013 ж.: Сұрақ-жауап сайысының салтанатты жабылуы және сыйлықтармен марапаттау.

 

Сыйлықтар:

Бірінші орынға – Ноутбук HP.

Екінші орынға Планшет Prestigio

Үшінші орынға – Citizen электрондық кітабы

 

Сұрақ-жауап сайысын өткізу жері

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, Бейбітшілік бульвары ,56

ҚарМТУ, АҚ кафедрасы, 200 (а-е) ауд. бас ғимарат

 

Без рубрики