05.03.2024 жылы «Энергетикалық жүйелер кафедрасының оқытушысы «Электротехника» пәні бойынша МЕТ-22-1қаз тобына «Күрделі тұрақты ток тізбектерін есептеу» тақырыбына ашық семинар сабағын өткізді. Оқытушы сабақ барысында студенттерді Электр тізбегінің күрделі схемаларымен таныстырып, осы схемаларды есептеудің және түрлендірудің бірнеше әдістерін үйретті. Студенттерді машықтандыру мақсатында тақырып бойынша жеке тапсырмалар беріліп, сабақ соңында алған білімдерін қорытындылады.
Өткізілген ашық сабақ барысында студенттер тақырыпқа байланысты мынадай жаңа ұғымдармен танысты: электр тізбегінің «Жұлдызша» және «Үшбұрыш» түрінде жалғануы, комплекстік сандар.