«Энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияны»


2023 жылдың 1 желтоқсанында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттерімен Қарағанды медициналық университетінің психологы Мусабекова Асель Сериковнаның қатысуымен «Энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияны» тақырып төңірегінде түсіндірме жұмысы жүргізілді. Түсіндірме жұмысы барысында студент жастарға бұл сусынның зиянын, кемшіліктерін атап көрсетті. Жүрек аурулары бар, гипо немесе гипертониямен ауыратын адамдарға мүлде тұтынуға болмайтыны түсіндірілді. Әсіресе энергетикалық сусын жас ағза үшін өте зиян екенін баса атап өтті. Кездесу соңында студенттерді бұл сусыннан бас тартуға шақырды.

Без рубрики