ENACTUS (SIFE)


ҚарМТУ және ТК ENACTUS (SIFE) тобының көрінісі

Әлемді бірге өзгертейік!

Enactus президенті Алвин Рорс

 align=

ҚарМТУ және ТК тобы екі жыл бұрын Технологиялық колледж және университет студенттерінен құрылды. Осы екі жылдың ішінде топ белгілі сәттіліктерге жетті: Алматыда өткен Ұлттық жарыстарда бірінше рет қатысқанда біздің топ SPIRIT AWARD кубогымен марапатталып, ал осы жылы  2 орынға ие болып (Қазақстан ЖОО-лардың 18 тобынан) тете Чемпион атағын алып Әлем кубогына қатысуға шақырылды.

Топтың сәттілігімен біздің жұмыс, қиындық, сәттіліктерге көңіл бөлген университет ректоры Арстан Мәленұлы Ғазалиевке міндеттіміз. Ректор және колледж әкімшілігінің көмегімен біз SIFE топтарына өткізілетін тренингтерге қатысып, Алматыға конкурстарға және Ұлттық жарыстарға барып тұрамыз. Өткен жылы Инновациялық жобалардың Республикалық студенттік конкурсында біз үшінші орынға ие болып, ақшалай сыйлықты ұтып алдық.

SIFE дегеніміз не?

SIFE- 39 әлем мемлекеттерінің 1500-тен аса университеттерде жұмыс істейтін бизнес және жоғары білім өзара әрекеттесудің және жүз шақты ірі компаниялармен қолданатын халықаралық торап болып ұсынылады. Бұл торап  48000 студент- сайферлердің қуат және ынталылығын дұрыс қалыпқа бағыттау мақсатымен машықтанатын бизнесмен тәжірибесімен бизнес теоретиктердің білім потенциалын біріктіреді.

Біздің мақсатымыз – өмірді жақсарту, қоғамға көмектесу және әлеуметтік жауапты басшыларды тәрбиелеу.

SIFE топтар жұмыс істейтін адамдардың өмір сапасы мен деңгейдегі көрсеткіштердегі жағымды өзгерістерді көрсетеді.

SIFE идеясы: Бизнес адамдарды жақсы жаққа өзгертеді.

SIFE міндеті:

Бизнестің жасампаз күшінің көмегімен жақсырақ, тұрақтылау әлем құру үшін қазіргі және болашақ топ-басшыларын біріктіру. ЖОО-ларда алынған білімді бірлестіктердің нақты мәселелерін шешу үшін білімдерді қолдану үшін барлық әлем бойынша университет студенттерін жұмылдыру, осылайша оларды өз мемлекеттің әлеуметтік жауапты басшылар ретінде тәрбиелеу. Студенттер топтарды құрап, мұқтаж болған адамдардың өмір сапасын және деңгейін жақсартуға бағытталған нақты жобаларды құрайды.  

Қазақстандағы SIFE қозғалысы 12 жыл жұмыс істейді, әр жыл сайын топтары бар ЖОО-лар саны өседі. Қарағандыда үш  топ бар: ҚарМТУ, ҚарМУ, Лингва.

Біздің SIFE тобымыздың саны 20-25 адам шеңберінде түрленеді. Топ мұқтаждықта өмір сүрген адамдарға көмектесуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырады.

Бірінші жылы біз екі жоба бойынша жұмыс істедік: есту мүкістігі бар балаларға колледжге түсуге көмектесу және колледж бітірген жұмыссыз қыздарды қосымша шикізаттардан кәдесый жасауға үйрету.

Жұмыс нәтижесі: облыстық мектеп –интернаттың есту мүкістігі бар бес түлектері колледжге түсті. Төрт жұмыссыз қыздар жұмысқа орналасты.

Алматыда жыл  сайын өткізілетін Ұлттық жарыстарда біздің топ SPIRIT AWARD кубогымен марапатталды.

Екінші жыл жобалардың мақсатты аудиториясы облыстық мектеп-интернаттың есту мүкістігі бар балалар, ауғын-оралмандар, ауылдық фермерлер болды. Біз балаларды экономика негіздері, ыммен ағылшын тіліне үйреттік. Ыммен ағылшын тіліне есту мүкістігі бар балаларды үйрету бойынша жоба қазылар алқа мүшелерінің құштарлығын тудыртты, олар бұл жобаны жоғары бағалады. Біздің жоспарымызда электрондық тасымалдаушыға жазылған топпен құрылған жиырма сабақты зияткерлік меншік ретінде құқық иелену.

Жобалардың біреуі оралман әйелдерімен байланысты, біз оларды HANDMADE кәдесый жасауға үйретттік, олар өз бұйымдарын сатып, ақша таба алды. Топ HANDMADE әдістемелерін жаңарту, мақсатты аудиторияны және қызмет түрлерін кеңейту бойынша жұмыс жасайды.

Біз қоқыс полигондарында толып жатқан пластиктан жасалған ыдыстарды өңдеу бойынша өндіріс ұйымдастыру бойынша жобаны құрастырдық. Пластик ыдысты жасау үшін мұнай өнімдері жұмсалады, сондықтан бос ыдыстарды тастау ысырапшыл болып табылады, оны өңдеу қажет. Бізде өңдеу өндірістің ұйымдастыруында қиындықтар бар болса да, бұл экологиялық жобаны жалғастыруға жоспарлаймыз.

Топтың күштері мұқтажда болған адамдарға көмектесуге, біздің қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

2012 жылдың Ұлттық жарыстарына Қазақстанның жетекші ЖОО-ларының 18 топ қатысты. Нәтижелері осындай:

Ұлттық чемпион –UIB тобы;

Біздің тобымыз  2 орынға ие болып, тете Чемпион атағын алды.

Үшінші орында Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің тобы.

Арнайы сыйлық — SPIRIT AWARD кубогы Қазақ ұлттық аграрлық университет тобына берілген.

Осы жылдың қыркүйек айында құрамында 4 студент және эдвайзер топ делегациясы Вашингтонда өткен Әлем кубогына қатысты. Олар: Транспорт технологиялар институтының  2 курс студенті Солтабаев Батырхан, колледж студенттері: 4 курс студенті Хусаинов Ильяс, 3 курс студенті – Марат Гүлзат, 2 курс студенті – Уахитова Нәзерке. Біз бақылаушы мәртебесінде болып, Қазақстанның мәдениетті презентациясында қатысып, чемпион-топтарының арасында жарыстың өтуін бақыладық. Осы халықаралық іс-щараға әр түрлі континенттердің 38 мемлекеттің студенттері қатысты.

Вашингтонға бару алдында делегацияның Арстан Мәуленұлымен кездесу өтті, ол бізбен әңгімелесіп, сәттілік тіледі.

Әлем кубогын өткізу үдерісінде студенттік қозғалыс SIFE деген атын  ENACTUS деген атқа ауыстырды.

ENACTUS – Жақсытұрақты әлем қалыптастыруға және өмір өзгертіге бағытталған  кәіпкерлік қызметінің күшін пайдалануға берілген студенттер – басшылар бірлестігі.

Еntrepreneurial – кәсіпкерлік амал,

action – іс-шаралар,

us — бізге – тұтас заттың бір бөлігі болып келетін адамдар тобы,

Әлем кубогына қатысу – біздің ҚарМТУ және ТК жас тобына үлкен оқиға. Біздің делегация өткен жылға барлық жұмыстарын көрсетуге әр түрлі мемлекеттерден жиналған студенттердің осындай іс-шарада алғаш рет болды. Бірінші күн – әр мемлекеттің мәдениетті бағдарламаны көрсету күні – біздің өзінің ғажабымен таң қалдырды. Әр топ өзінің ұлттық киімдерін киіп, өз мәдениетін, билерін, дәстүрлерін көрсетті. Бұл барлық ұлттардың халық парады жетекші студенттік бірге ұйымдаса алатынын және қатынасуға ешқандай шек жоқ екендігін көрсетті. Студенттер-сайферлер бейресми жағдайда әңгімелесіп, танысып, фотоға түсіп, биледі – бұл тамаша болды!

Топтардың мәдениетті жәрмеңкесі ғажап және жарқын болды. Тәтті тағамдар, әсерлі билер, ойындар, кәдесыйлар – қызықты және қызықтырғыш болды.

Топтардың жарысы 8 лигада өтті. Жеңімпаздар – әр лигадан екі топтан – жартылай финалға шықты.

Біз студенттердің сөз сөйлеу алдында уайымдауын, жобаларын ұсынуын, іске асқан жобалардың нәтижелерін сендіре ұсынғанын көрдік. Сайферлар өз жобаларында әр түрлі мәселелерді қозғайды! Бұл мектепте оқи алмайтын балалармен жұмыс, жұмыссыз әйелдердің бизнесін ұйымдастыру және көп адамдарға бизнесте көмектесу.

Жартылай финалға 16 топ шықты, ал финалға тек төрт: Индия, Мысыр, Зимбабве және АҚШ топтары.

Әлем кубогын АҚШ тобының студенттері ұтып алды, ал екінші орынға Мысыр тобы ие болды.

Әлем кубогының өтуінен қалған әсер ең жақсы. Біз топ ретінде не үйрендік?

Біріншіден, табысты жұмыс үшін мүмкін болғанша көбірек адамдардың өмірін жақсартатын мемлекет, аймақ мәселелерін шешу керек.

Екіншіден, табыс  күш салғанда және іске асқан жобалардың маңызды нәтижелері болғанда келеді.

Үшіншіден, ағылшынды толық меңгеру керек.

Бұл қорытындылар бізге іс-әрекетке нұсқау болды, біз жобамызды іске асырамыз деген үміттеміз.

Лысачёва Т.И. оқытушы, ҚарМТУ және ТК SIFE тобының эдвайзері.

Без рубрики