2022 жылдың 21-22 сәуірінде А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы Е. А. Цешковскаямен БЖД-18-1 және БЖД-19-3с топтарының студенттері жыл сайын 1999 жылдан бері РУДН экология институтында өткізіліп келе жатқан «Экология мен табиғатты пайдаланудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ төмендегідей болды:
- Популяциялық экология және қауымдастықтар экологиясы;
- Топырақ экологиясы;
- Геоэкология және тұрақты даму;
- Қолданбалы экология;
- Экологиялық тұрақты сәулет. Жасыл құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
- Адам экологиясы;
- Экологиялық қауіпсіздік және азық-түлік қауіпсіздігі;
- Тұрақты даму мақсатында экологиялық тәрбие және білім беру.