Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Магистратурасы
2013-2014 оқу жылына: «Қаржылық тәуекел-менеджер», «Қаржылық талдампаз», «Актуарий», «Сақтандыру бизнесі» мамандықтары бойынша құжат қабылдауды хабарлайды.
Ұлттық Банк магистратурасында жоғары негізгі білім негізінде (бакалавриат) оқу мерзімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктың грант есебіне және келісім негізінде өндірістен қол үзумен 2 жыл. Жоғары білімі бар адамдар қабылданады.
Магистратураға азаматтарды қабылдау шетел тілі және мамандық бойынша қабылдау емтихан нәтижелері бойынша конкурстықнегізде жүзеге асырылады.
«Қаржылық талдампаз», «Қаржылық тәуекел-менеджер», «Сақтандыру бизнес» мамандықтары бойынша қабылдау емтихандары келесі пәндер бойынша өткізіледі:
- макроэкономика;
- микроэкономика;
- жоғары математика (бастапқы деңгей);
- бухгалтерлік есеп негіздері.
«Актуарий» мамандығына емтихандар келесі пәндер бойынша өткізіледі:
- макроэкономика;
- микроэкономика;
- жоғары математика (жоғары деңгей);
- бухгалтерлік есеп негіздері.
Магистратураның қабылдау комиссиясына келесі құжаттар ұсынылады:
- Т.Рысқұлов атындағы АҚ ҚазЭУ ректорының атына сұраныс;
- қосымшасы бар жоғары негізгі немесе кәсіби білім туралы диплом;
- TOEFL немесе IELTS сертификат көшірмесі (қолда барда);
- еңбек кітапшасының нотариалдық расталған көшірмесі (қолда барда);
- 3×4 өлшемдегі 6 фото;
- 086–У формасындағы медициналық анықтама;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- әскери билет немесе тіркелген куәлік көшірмесі (қолда барда);
- ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардын қолда барда;
- картон тезтікпе;
- конверт.
Құжаттарды қабылдау Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетінде 2013 жылдың, маусым айының 20-нан шілде айының 20-на дейін қабылданады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Магистратурасының Презентациясы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Магистратурасы туралы толық ақпаратты келесі мекен-жайы бойынша алуға болады: Алматы, Жандосов көшесі 55, АҚ Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, тел./факс 8(727)377-11-08, 8(727) 377-13-25, 8(727) 303-71-03, сайт: www.finmba.kz.