Докторлық диссертация қорғау туралы


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін  Имашев Аскар Жанболатұлының 6D070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша «Жайрем КБК» «Үшқатын-3» кеніші жағдайында техногенді ашық беттердің орнықтылық параметрлерін негіздеу» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Пайдалы кен орындарын қазып өндіру» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

  1. Орынгожин Ерназ Советович – техника ғылымдарының докторы, Д.А. Қонаев атындаңы тау-кен ісі институтының «Жерқойнауын өндірудің арнайы тәсілдері» зертханасының меңгерушісі.
  2. Вареха Жорж Павлович – техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды қаласының Жер қойнауын игерудің кешенді проблемалары институтының (ЖИКПИ) «Пайдалы қазбаларды жер асты өндіру» зертханасының меңгерушісі.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Исабек Туяк Копейұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Пайдалы кен орындарын қазып өндіру» кафедрасының меңгерушісі.
  2. Алиев Самат Бекетаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетінің профессоры (Россия).

Қорғау 2014 жылғы 12 желтоқсанында, сағат 12.00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтеді. Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56, корпус 2, 302 дәрісхана.

Сайт адресі: www.kstu.kz,  e-mail: imashev_85@mail.ru

Без рубрики