«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-нда PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Есиркепова Айым Бакытбековнаның 6D073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша «Металл қалдықтарынан дайындаған арматураларды қолдана отырып темірбетон бұйымдарын дайындау технологиясын жобалау» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.
Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасында орындалған.
Ғылыми кеңесшілері:
- Шеров Карибек Тагаевич — техника ғылымдарының докторы, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің» КеАҚ-ның «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
- Серова Роза Фаиковна – техника ғылымдарының кандидаты, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының доценті (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
- Славчева Галина Станиславовна – техника ғылымдарының докторы, Воронеж мемлекеттік техникалық университетінің «Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының технологиялары» кафедрасының профессоры (Воронеж қ., Ресей Федерациясы).
Кеңестің уақытша құрамы:
- Сактаганова Наргуль Амановна – «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ-ның жоғары оқу орнынын ғылым департаментінің директоры, «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының PhD докторы (Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы).
- Енкебаев Серик Бейсенгалиевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ-ның «Құрылыс» кафедрасының PhD докторы (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
- Тимохин Денис Константинович – техника ғылымдарының кандидаты, Саратов мемлекеттік техникалық университетінің «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» кафедрасының доценті, Урбанистика, сәулет және құрылыс институты директорының орынбасары (Саратов қ., Ресей Федерациясы).
Сын пікір берушілер:
- Арынгазин Капар Шакимович – техника ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КеАҚ-ның «Сәулет және дизайн» кафедрасының профессоры (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы).
- Сартаев Даулет Турысович – техника ғылымдарының кандидаты, «Сейсмология институты» ЖШС «Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмотұрақтылығы» зертханасының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Қорғау 2023 жылы 27 мамырда, сағат 14.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, бас корпус, ауд. 200. Қорғау отырысы аралас-режимде Zoom-платформасында (конференцияның идентификациялық номері 424 023 6743, кіру коды 1953) өткізіледі.
Сайт адресі: www.kstu.kz, e-mail: bopany@mail.ru