2023 жылы 2 қазан күні №3 жатақханада Қарағанды қалалық Әл-Машани мешітінің наиб имамы Ермахан Оралбай Әділбекұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Оралбай Әділбекұлы елді адастырып жүрген тәңіршілдер, вахабист, салафиттер туралы, оларды дін тұрғысынан қалай ажырату керек екендігін айтып берді. Студенттерге қазақ халқы дәстүрмен қатар алып жүрген дін, Пайғамбар ұстанған жолда екенін түсіндірді. Сонымен қатар, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.м. Тусупбеков Жарқын Амантайұлы да өмірде болып жатқан әртүрлі жағдайларды мысалға келтіріп, студенттерге ой саларлық, үлгі аларлық әңгіме айтты.
2023 жылдың 4 қазан күні «Студенттер үйі» жатақханасында теолог Уақасов Мадияр Мейіржанұлымен кездесу өтті. Кездесуге дінтанушы-теолог Сағитова Эльмира Жанатовна, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.м. Тусупбеков Жарқын Амантайұлы қатысты. Кездесу барысында Мадияр Мейіржанұлы дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары туралы айтып, жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы, студенттерді қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Дәстүр мен дінді қатар алып жүруге, ата-бабамыздың істеген ісі, тыйым салғаны барлығы дерлік шариғаттан алынғанын, басқа діни ағымдардың жетегінде кетпей, жастарға осы жолды ұстануға шақырды.