«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы сұқбат алаңы


18 сәуір 2019ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың жоспары мен қорытындылары сұқбат алаңында талқылады.  

«Рухани Жаңғыру»  бағдарламасының 2 жылдығына және Жастар жылы бағдарламасына орай сұқбат алаңындағы жұмысқа Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ, Б.Бейсенов ат. Қарағанды ҚР ІІМ академиясы, Қарағанды медицина университеті, «Болашақ» академиясы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті және «Рухани Жаңғыру»  өңірлік жобалау кеңсесі, Қарағанды облыстық мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚарМТУ ПТ ҒЗИ мен ҚХА мен ӘГП кафедрасы.  

Сұқбат алаңының басты тақырыбы — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жоспарлары мен концептуалды перспективаларын дамытудың қорытындылары.  

Аталған симпозиумның мақсаты – қазақстандық қоғамның идеологиялық платформасын қазіргі кезеңде және ұзақ уақытқа жетілдіру жолында жасалып жатқан жұмыстар туралы пікіралысу мен пікіралмасу, ұсыныстар жасау.

«Жобалау кеңсесі, ғалымдар, студенттер, магистранттар арасындағы сұқбат жастарды тәрбиелеу жолындағы бірлескен жобаларды анықтауға, заман өзгерістеріне бейімделу қабілеттерін тәрбиелеу үшін қажет», — деп атап өтті ҚарМТУ патриоттық тәрбие беру ҒЗИ директоры  Гульжан Кударинова.

Қарағанды облыстық «Рухани Жаңғыру»  өңірлік жоба кеңсесінің бас менеджері  Серік Санаубаевтың айтуынша Бағдарламаның барлық бағыттарын іске асырудың 2 жылдығында, қоғамдық сананы модернизациялау барысында нақты қорытындылар бар, келешекке айқын жоспарлар жасалған. Үгіттеу мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 500-дей жоба іске асырылған. Осы жұмыстарды атқаруға бюджет тарапынан және кәсіпкер-меценаттар тарапынан үлкен қаражат бөлінген. Артықшылықтар негізінен бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне жауап беретін, қоғамдық резонанс алған, нәтижесі бар іс-шараларға берілді. Мысалы, үш құрлықтың өкілдерін жинаған «Жезкиік» фольклорлық — музыкалық фестивалі (Жезқазған қ. 2018ж.), V Халықаралық робототехника, бағдарлау мен инновациялық технологиялар фестивалі  (29-30наурыз, Қарағанды қ.), алғашқы IT-форум – IT-weekend.kz-2018.

Жоғары оқу орындары өте көп іс-шаралар өткізіп жатыр. Олардың қызметтері бағдарлама аясында студент жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, жас мамандарды бәсекеге қабілеттілікке үйретуге арналған.  Облыстың кәсіпкерлері мен бизнесмендері де сыртта қалып қалған жоқ. Олардың бастауларымен спорт нысандары, балалар ойын алаңдары салынды, әртүрлі қоғамдық нысандарды жөндеу жұмыстары жасалды. Олар аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту, су қоймаларын тазарту, қаланы көгалдандыру т.б. үшін қаржы жұмсады.

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында қазақстандықтардың пікірлері мен ұсыныстарын қадағалау мақсатында, жиі азаматтық бастамалар Күні өткізіледі, кеңсеге өмірдің деңгейі мен сапасын арттыру туралы, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу, мәдени-танымдық жобаларды дамыту туралы түрлі ұсыныстар келіп жатады.  Жастармен старт-ап жобалар туралы тұрақты кездесулер өткізіледі, кейбіреулері бизнесмен-менеджерлерден қаржылық қолдау да тауып жатыр. Жоба кеңсесі олардың аяқталуы мен іске асуын жіті қадағалап отырады.

Жоба кеңсесінің басты міндетінің бірі – азаматтарды  аталған бағдарламаны жүзеге асыруға тарту және жаңа идеялардың  қатысушылары мен бастамашылары болуға шақыру.

Талқылауға жастармен жұмыс жөніндегі мамандар мен белсенді студенттер де қатысты.  

Александр Урмашов, Қарағанды медициналық университетінің жастар ісі жөніндегі бөлім маманы және  Әділет Бауыржанұлы, Б.Бейсенов ат. Қарағанды ҚР ІІМ академиясының оқытушысы өз жоғары оқу орындарында Бағдарламаның жүзеге асырылу жолдары туралы, прагматизм мен бәсекге қабілеттілік бағыттары бойынша жасалып жатқан шаралар туралы, ұлттық бірегейлік туралы  әңгімеледі.

«БҰҰ моделі»  клубының құрылуы туралы, бизнес-идеясы туралы «Болашақ» академиясының 4-курс студенті Камила Ибрахимова әңгімелеп берді. «БҰҰ моделі»  — бұл миға шабуыл және студенттік конференциялар деңгейінде өтетін әлемдік танымал бағдарлама. Студенттер бір күнге дипломаттарға айналып,  БҰҰ өкілдері рөлінде болады.

— Біздің шығармашылық клубымыз қарапайым ғана бірақ, маңызды жоба-клуб, мақсаты — өз сөйлеу мәнерін жақсартып, шешендік өнер мен көшбасшылық қабілеттерін дамытқысы келетін студенттерді біріктіту.  Біз осындай клубтың керектігін сезіндік. Біз балаларды ана тілінде жаһандық мәселелер туралы әдемі әрі қызықты сөйлеуге, аудитория алдында сауатты сөйлеуге және сөйлеп тұрған кезде әртүрлі форс-мажор жағдайларды жеңе білуге үйретеміз, — деп атап өтті Камила Ибрахимова.

 Қазір бұл студенттер осы жобаларын іске асыру үшін спонсорлар іздестіруде.

Сонымен қоса, қатысушылар «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының негізгі концептуальды бағыттары – бәсекеге қабілеттілік, білім культі, прагматизм, сананың ашықтығы – мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталғандығын, осы жұмыстарды тиімді түрде қазіргі жастарға арнау қажеттілігін бірауыздан атап өтті.  

      Сұқбат алаңында қатысушылар еркін түрде өз көзқарастарымен алмасты, мемлекеттік органдар тарапынан өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды. Бірлескен жобаларды, бірқатар өзекті мәселелерді ақпараттық-талдау арқылы жақсарту, Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жастарды тарту индикаторларын арттыру айқындалды.  

Без рубрики