Қазақстанда 14 ақпанда атап өтілетін Әулие Валентин күніне балама ретінде 15 сәуірде аңызға айналған Қозы-Көрпеш пен Баян-сұлуға арналған мереке аталып өтілді. Мереке ұйымдастырушылары әр мерекенің өзіндік мән-мағынасы болатынын айта келе, жыл сайын Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлудың ұлы махаббатын еске алып, біздің мәдениетімізді, әдет-ғұрыптарымыз бен ақыл-ойымызды ескере отырып, осы күнді атап өтетіні туралы тоқталды.
Сонымен, 15 сәуірде ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінде 1, 2 курс студенттеріне Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу күніне арналған жалпы кураторлық сағаттар өткізілді, онда тәрбие ісі бойынша орынбасар Е.С. Сыздықова және Әлеуметтік пәндер пәнінің мұғалімі Г.Ш. Умирбекова «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу» тарихи фильмнен үзінді көрсетіп, лирикалық эпос туралы айттып берді. Студенттер үлкен қызығушылықпен фильмді тамашалап, сұрақтар қойды, өз пікірлерін білдірді, 2 курс студенттері А.Бастами, Б.Дулатова махаббат тақырыбына арналған өлеңдерден үзінді оқыды.