Ашық есік күні


15 ақпан 2019 жылы І ғимараттың 207 дәрісханасында ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен жұмыс жоспарына сәйкес  «Ашық есік күні» өткізілді. Аталған шараға 26 қала мектептерінің 240 астам оқушылары қатысты. «Ашық есік күніне» келген болашақ талапкерлерге

Колледж директоры Н.А. Смагулова колледж бойынша мамандықтар туралы,  оқуға түсудің ережелері және колледжде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді, сондай-ақ мектеп әкімшіліктеріне және мұғалімдерге уақыттарын бөліп келгендері үшін алғысын білдірді.

Келген талапкерлерді колледж студенттері қарсы алып, ән, флешмоб және колледждің КВН командасы өз өнерлерін көрсетіп, келген талапкерлердің көңілін көтерді. Одан кейін мектеп оқушыларына университет бойынша экскурсия жасалып, таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты болашақ талапкерлердің орта кәсіптік техникалық мамандық таңдауда дұрыс таңдау жасауларына қолдау көрсету болатын.

 

 

 

Без рубрики