Қазақ халқы көктемнің алғашқы күнін «АЛҒЫС АЙТУ» сөзімен қарсы алады.
1-ші Наурыздан бастап мерекеленетін, бұл күн елімізде өте терең мәні бар мереке – Ризашылық білдіру күні болып саналады. Ризашылық күні — еліміздің әрбір азаматы мемлекет басшысының жарлығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында осындай қысқа мерзімде күрделі кезеңдерді басынан өткерген халқымыздың және өзге ұлт өкілдерінің бір-бірін құрметтейтін күн.
Ризашылық білдіру — қазақстандық патриотизм, бірлік және достық үшін жарқын күн. ҚарМТУ жанындағы Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері бұл күнді атап өту барысында алғыс айтуға лайық адамдарға, өз қолдарымен плакат дайындап, оларға шексіз алғыстарын білдірді, атап айтқанда, олар облыстық Клиникалық балалар ауруханасының және Қарағанды қаласының №1 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлерін құттықтады. Дәрігерлер, қабылдау бөлімінің медбикелері мен өрт сөндірушілері өздерінің жұмысын жоғары бағалағанына қуанышты екендіктерін жеткізді. Өз кезегінде, олар ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінің студенттеріне сәттілік, денсаулық, дұрыс салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдану және болашақта жақсы білікті маман болуларына тілектестігін білдірді.