13-желтоқсан Инновациялық технологиялар колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты мерекелік салтанатты жиын өтті. Жиын колледж директоры Смагулова Нурбибі Абсадыкқызының құттықтау сөзімен ашылды. Студенттердің патриоттық сезімдерін оятуға арналған бұл мерекелік іс-шараға 1-ші және 2-ші курс студенттері белсенді қатысты. Бұл іс-шараның ерекшелігі әртүрлі ұлт өкілдерінің студенттері қазақша, орысша, ағылшынша, литваша, қытайша, армянша, татарша құттықтау сөздерін айтты. Бұл көпұлтты тәуелсіз Қазақстанның бірлігі жарасқандығының тағы бір дәлелі. Талантты студенттер тарихи көрініс көрсетті. Әсем би мен патриоттық әндер айтылды.